12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Гендерлік  теңдік

Қазақстанда гендерлік саясатты жүргізу жұмысын Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық – демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия үйлестіреді. Комиссияның негізгі міндеті Қазақстан Республикасында 2006 — 2016 жылдарға арналған гендерлік теңдік стратегиясы және Қазақстан қатысушысы болып табылатын отбасы мен гендерлік теңдік мәселері жөніндегі халықаралық келісім — шарттар аясында отбасына, әйелдер мен ерлердің теңдігіне қатысты кешенді мемлекеттік саясатты жүзеге асыру болып табылады.

1998 жылы қабылданаған БҰҰ  Әйелдерге қатысты кемсітудің барлық нысандарын жою туралы конвенция солардың бірі болып табылады. Конвенция ережелерін, Қазақстанға қатысты тиісті комитеттің ұсынымдарын басшылыққа алып, іске асыру мақсатында халыққа гендерлік білім беру жұмысы жүргізілуде. Гендерлік теңдік стратегиясының жеке бөлімі қоғамдағы зорлық — зомбылықты жоюға араналған. 1999 жылы ел Президентінің бастамасымен аудандық буындарға дейінгі ішкі істер құрылымдарында әйелдерді зорлық — зомбылықтан қорғау жөніндегі арнайы бөлімшелер құрылды.

Олардың негізгі міндеттері: әйелдердің конституциялық құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін құқыққа жат қол сұғудан қорғау; әйелдерге қатысты зорлық – зомбылықтың алдын алу мен жолын кесу мәселелерінде ішкі істер органдары бөлімшелерінің қызметін үйлестіру; әйелдерге қатысты зорлық —  зомбылықтың түрлеріне, нысандары мен әдістеріне, сондай-ақ оларды жасауға жағдай жасайтын себептер мен шарттарға талдау зерттеуін жүргізу; әйелдерге қатысты зорлық — зомбылықтың алдын алу мен жолын кесу мәселелерінде халыққа құқықтық көмек көрсету болып табылады.

Гендер дегеніміз – ерлер мен әйелдердің мінез-құлқын, сондай-ақ, олардың арасындағы әлеуметтік өзара қарым-қатынасты айқындайтын, олардың әлеуметтік және мәдени нормалары мен рөлдерінің жиынтығы. «Gender» сөзі ағылшын тілінен аударғанда жыныс (еркек, әйел) дегенді білдіреді. Ал гендерлік саясат дегеніміз – өмірқұндылықтарының барлық саласына қатысты ер мен әйел арасында теңдік орнатуға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық іс-әрекеттер. Гендерлік саясат – қоғамдық өмірдің барлық салаларында ерлер мен әйелдердің теңдігіне қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік және қоғамдық қызмет. Гендерлік саясат туралы қоғамда сан түрлі пікірлер бар. Біреуі мақтаса, ал, біреуі даттап жатады. Алайда, екі тараптың да өз кемшіліктері мен өз артықшылықтары бар.

Қорыта келгенде, гендерлік саясат – әйелдердің теңдігі және оларды кемсітуге жол бермеуді заң жүзінде бекітудің тәжірибелік құндылығы. Бұл әйелдер құқығын іс жүзінде пайдалануға мүмкіндік береді.

Ұлытау аудандық

сотының бас маманы

Ақмаржан Калекенова

Мәміленің жарамсыздығы және мәміленің түрлері

Азаматтық заңнамада мәміле нысанына белгілі бір талаптар бар. Осылайша, екі...

Азаматтық істердің соттылық мәселесі

Бүгінгі күні барлық соттар үшін ортақ болып соттардың азаматтық...

Шарттық даулар

Шарттық даулар – тараптары ұйымдар, жеке кәсіпкерлер, азаматтар бола...

Сот отырысы хатшысының жұмысы

Сот отырысының хатшысы соттың өзіне жүктелген функцияларды орындауы кезінде...

Әкімшілік істегі медиация

Медиация, медиатор деген ұғымдардың елімізде пайда болуына Қазақстан Республикасының...