12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын сақтауы

Жуырда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі жаңа редакцияда қабылданған болатын. Мемлекеттік басшысының Қазақстан халқына «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыруды міндеттелген еді. Бұл тұжырымдаманы іске асыратын мемлекеттік органдардың негізгі қызметі – қоғамдық диалог, ашықтық, адамдардың мұң-мұқтажына жедел назар аудару болып табылады.
Жаңадан енгізілген «Мемлекеттік қызметтің әдептік қағидаттары» деп аталатын тарау негізінде адал ниеттілік, адалдық, әділдік, ашықтық, сыпайылық және клиентке бағдарланушылық. Мемлекеттік қызметшілерге мұндай талаптар бұрынғы кодексте де қойылған. Бірақ, Кодекстің жаңа редакциясында ашықтық және клиентке бағдарлану қағидаттарын сақтау талаптарына басымдылық берілген. Соған сәйкес, мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік қызметтің негізгі тұтынушысы саналатын халықтың талабына барынша икемді, жұртшылықпен жұмыс істеуге дайын болуы және өз жұмысыныңашықтығын қамтамасыз етуі тиіс. Халыққа қызмет ету барысындағы мемлекеттік қызметші кәсібилік пен әдептілігімен мемлекеттік қызметшінің имиджін көрсетеді.
Бұл тұрғыда, жаңа редакцияда қабылданған Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі мемлекеттік қызметшілердің бойында моральдық-адамгершілік қасиеттерді сіңіруге бағытталған. Сервистік мемлекеттік аппаратты қалыптастыру және мемлекеттік қызметтерді көрсетуде ашықтық қағидаттары мемлекеттік қызметшілердің жұртшылықпен жұмыс істеуге дайын екенін көрсетіп, өзінің қызметінің ашықтығын қамтамасыз етуге, халықтың сұранысына сай қызмет көрсетуді талап етеді және мемлекеттік қызметтерді тұтынушы ретінде халықтың сұраныстарына толықтай бағдарлай отырып, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру және төрешiлдiк көрiнiстерге және әуре-сарсаңға салуға жол бермеу жөнінде шаралар қабылдау болып табылады.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілерге лауазымдық өкілеттіктерді атқаруға байланысты кез келген сипатта құқыққа сыйымсыз уәделерді бермеу және құқыққа сыйымсыз міндеттемелерді алмау талабы қойылады. Бұл қоғам тарапынан мемлекеттік қызметтің имиджіне сын туғызбай, мемлекеттік қызметке деген сенімдіарттырады.
Бұдан басқа, егер қызметтен тыс уақытта да мемлекеттік қызметшінің жасаған құқықбұзушылықтары әдептілік стандарттарын сақтамаумен сипатталса тәртіптік жазаға тарту мәселесі қаралуы мүмкін.
Әдеп кодексіне сәйкес мемлекеттік қызметшілер қарапайым болуы керек, оның сырт келбеті ресмилікпен, ұстамдылықпен және ұқыптылықпен ерекшеленетін жалпыға бірдей қабылданған іскерлік стилге сай болуға тиіс.
Сондай-ақ, қолданыстағы заңнамаға сәйкес Әдеп жөніндегі Уәкіл институты енгізілді. Әдеп жөніндегі Комиссар – өз функциялары шеңберінде мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға кәсіптік әдеп қағидаларының сақталуын және Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың және Әдеп кодексінің бұзылуының алдын алуды қамтамасыз ете отырып, консультация беретін лауазымды адам.
Жалпы алғанда, кодекске енгізілген түзетулер сервистік, ашық және халық үшін қолжетімді мемлекеттік аппараттың қалыптасуына ықпал етеді деп күтілуде.
Әрбір мемлекеттік қызметші заңнамада көзделген талаптарды түпкілікті ұғынып, бар ынтасымен түсінуі қажет және өзіне артылған жауапкершілікті адал орындап, жүктелгенфункцияларды тиімді атқарса, қоғамның мемлекеттік билікке деген сенімі нығаяды.

Шелтеуова Гаухар,
Атырау облысы
Қызылқоға аудандық сотының әкімшісі

Сандық технология сот жүйесінде

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы қыркүйек айында «Жасанды интеллект...

Сот жүйесіндегі сандық технология

Еліміздің сот жүйесі ең алғашқылардың бірі болып сандық...

Тіл – тұрақтылық кепілі

Халқымыздың біртуар жазушысы Мұхтар Әуезовтің «Біздің заманда өз тілін,...

Судья әдебі ережелерін қатаң сақтау сот беделін нығайтады

Судья әділдіктің айнасы, тура төреліктің кепілі, заң үстемдігінің символы...

Бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманың бұзылуын тергеп-тексеру және әкімшілік істерге дау айту мәселелері

Қазақстан Республикасының нарықтық экономикасы еркін бәсекелестік қағидаларына негізделген. Бәсекелестікті...