Алимент төлеу — ардың ісі


Алиментті өндіру — өзекті мәселе. Бала алдындағы жауаптылығын ұмытқан ата-ананың әрекеті бүгінде қоғамдық түйткілге айналды. Ажырасу деректері азаймаған соң, алимент бойынша берешегі барлардың саны да кемімей отыр.

Ал бала алдындағы қарызын өтемегендердің жауаптылығын қалай арттырамыз? Қарызын ұмытқандардың санасына қалай әсер етеміз?
Алименттен қашып жүрген азаматтарға ой салып, санасына қозғау салу мақсатында жақында ауқымды шараны қолға алдық. Ол үшін “Алимент төлеу — ардың ісі”, “Әке, алиментті ұмытпа!”, “Әке, біз сізден алимент күтіп жүрміз!” Деген мағынадағы биллборд, плакаттар әзірлеп, оны Алматы облысы Қарасай ауданының орталығы — Қаскелеңдегі көрнекі жерлерге ілдік. Адам көп жүретін базар, вокзал, Халыққа қызмет көрсету орталығы, емхана, аурухананың бірден көзге түсетін жерлеріне биллбордтар ілінді. Бұл әкелік борышын ұмытып жүрген азаматтарға ой салады деген үміттеміз.

«Е-қызмет» – мемлекеттік қызметке кірудің жаңа мүмкіндігі

Мемлекеттік қызметке орналасу енді бұрынғыдан да ыңғайлы әрі ашық...

Миранда ережесі: Конституциялық деңгейдегі жаңа құқықтық кепілдік

Адамның құқықтары мен бостандықтары – демократиялық және құқықтық мемлекеттің...

Халық сенімін ақтайтын қызметкер болуымыз қажет

       Ең бастысы әр қызметкер өзінің қарапайымдылығын алға ұстап,...

«Аударма әлемі» — өзекті зерттеу

Филология ғылымдарының докторы, профессор, журналист, аудармашы, Қазақстан журналистер одағы...