Сот саласы жаңашылдықты көздейді

Жаңа технологиялардың енгізілуі сот саласына айтарлықтай серпін берді. Әлі күнге дейін елімізде сот жүйесін цифрландыру бойынша сот жүйесінде көптеген жұмыстар жүзеге асып жатыр. О баста «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының мазмұнымен үйлесе отырып, жүзеге асқан сот саласындағы жаңашылдықтар уақыт сұранысына сай тағы да жаңғырып, заман ағымына сай бейімделуде. Нәтижесінде халық көңілінен шығатын, халықтың сотқа деген сенімін арттыратын жүйе қалыптасуда.

Ерекше атап өтер жайт, бүгінгі күні сот жүйесінде ақпараттық технологияларды белсенді түрде қолданудың нәтижесінде халық қағазбастылық пен кезекке тұрудан арылды. Қазір азаматтар үйде отырып-ақ қалаған қызметіне қол жеткізуде. Бұрын уақытын жоғалтып сағаттап тұратын кезек күттірулердің қазір саладан жойылуы халыққа барынша тиімді болып отыр. Елімізде алғашқылардың бірі болып сандық технологияға өткен сот жүйесі бүгінгі күні ыңғайлылығымен, тиімділігімен, халықтың уақытын үнемдеуімен жұртшылықтың көңілінен шығып отыр. 

Таратып айтар болсақ, сот жүйесіндегі негізгі жобаның бірі – «Smart coт». Аталмыш жоба халыққа түсінікті әрі қолайлы, қарапайым, қауіпсіз электрондық қызметтер жасауды көздейді. Кейінгі енгізіліп жатқан жаңашылдықтардың барлығы осы «Smart coт» негізінде жүзеге асуда.

Сандық технологияның арқасында қол жеткізген тағы бір жетістік бүгінгі күнгі сот залдарында орнатылған бейнебайланыс жүйесі арқылы сот төрелігін қашықтан жүргізе алуымыз болып отыр. Қазір таңда көптеген сот отырыстарын қашықтан өткізу арқылы тараптарды алыстан тыңдау, куәгерлерден жауап алу мүмкін болып отыр. Бұрын мұндай жағдайда куәгердің немесе тараптардың бірінің сотқа келуі, алыс аймақта болса сот өткізілуі көп қиындықтар туындататын. Қазір сотқа шақыртуды смс арқылы жіберіп, сот процесі кезінде алыстан онлайн қатыса алуы сандық технологияның тағы бір артықшылығы дей аламыз. 

Қазіргі таңда  еліміздің соттары басқа өңірдегі адамнан қашықтан куә ретінде жауап алу мүмкіндігін ұтымды пайдаланып жатыр. Сотта куәлік беруі тиіс адам, кез келген өзі жүрген қаладан жергілікті сотқа келіп, сол жерде бейнебайланыс арқылы тиісті сотпен байланысқа шықса болғаны сол жердегі сот қызметкерлері қажетті жағдайды жасап береді. Бұрын арнайылап сотқа жүріп, уақытын да қаражатын да жұмсайтын. Ал қазір осы әдіс заңды болып табылады және сот тарапынан толық көлемде ескеріледі.

Абенова Жанат Тлеубаевна, Алматы қаласы Әуезов аудандық сотының төрағасы

Қазақстанда құны 800 миллиард теңгеден асатын 45 кәріздік тазарту құрылысы жаңартылады

Осыдан ондаған жыл бұрын пайдалануға берілген кәріздік тазарту нысандары...

 Жемқорлықты болдырмау — міндетіміз

       Жемқорлық - қоғамның дамуына кедергі келтіретін, заң үстемдігі мен әділдікқағидаттарына нұқсан келтіретін аса қауіпті әлеуметтік құбылыс. Ол азаматтардың мемлекеттікоргандарға деген сенімін төмендетіп, қоғамдағы әділдік пен ашықтық қағидаттарыныңәлсіреуіне әкеледі. Сондықтан сыбайлас жемқорлықтың алдын алу - мемлекеттің ғана емес, әрбір азаматтың ортақ міндеті.        Қазақстан Республикасында жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының...

2026 жылғы бірінші жартыжылдықта Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы жұмыстың қорытындылары

  Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы бақылау және құқықтарды қорғау жұмыстарының...

Меритократия іс жүзінде: Айдардың мемлекеттік қызметтегі үлгілі жолы

Мемлекеттік қызметтегі меритократия – бұл әрбір қызметкердің тек өзінің...

Қазақстанда қайтадан +44 ыстық: Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

Елдің басым бөлігінде күн күрт ысиды. Оңтүстікте ауа температурасы...