Медиация ел бірлігін нығайтады

Медиацияны елімізде барлық салада дамытуға көңіл бөлініп жатыр. Әсіресе, дау шешуде татуластыру рәсімдерінің орны бөлек. Бабалардан қалған дауды өзара бітімгершілікпен шешудің тамаша тәсілдері заманауи заңдарымызда да көрініс тапты. Соған орай, ел соттары сотқа жүгінушелерді заң аясында татулыққа шақыруда.  

Заң талабына сай, медиация тараптарың ерікті келісімімен ғана жүзеге асырылады. Халықтың дау-жанжалды реттеудегі мәдениетін көтеру мақсатын ұстанған  судьялар медиацияның тиімділігін жан-жақты насихаттап, көпшілікті дауды тек сот шешеді деген көзқарастан біртіндеп арылтуда. Бүгінгі таңда әрбір азаматқа сотқа дейін, сотта татуласуға барлық жағдай жасалған. Судьялар бұл тұрғыда тараптарға жәрдемдеседі.

Дауда өзара келісімге келу екі жаққа да пайдалы. Біріншіден, уақыттан ұтады, екіншіден, қаржы үнемделеді, ең бастысы, жағымды қарым-қатынас сақталып, жүйкеге салмақ түспейді. Қазіргі күні әлемдік тәжірибеде медиация ірі бизнестен бастап, отбасылық келіспеушіліктерде, т.б. өзекті  мәселелерде қолданылады.

Жоғарғы Соттың бастамасымен іске қосылған «Тауласу сотқа дейін, сотта» жобасы өзін-өзі ақтады деуге толық негіз бар. Осы жоба аясында дауларды келісім арқылы тиімді шешу мүмкіндігі жоғарылады. Мысалы, талап қоюлар тіркелген соң татуластырушы судьяға беріледі. Судья тараптарға  татуластыру рәсімінің тиімділігін, сотқа дейінгі хаттама жасау, медиатор немесе өкілдерді шақыру құқығын және татуласудың  салдарын түсіндіреді.

  Осы тұста айтып өтерлігі, істі келісіммен бітіруде татуластырушы судья мен медиатордан бөлек, адвокаттар мен заңгерлердің де әсері басым. Сондықтан, олар да тараптарды татуластыруға өз үлестерін қосса нұр үстіне нұр болар еді.  

Медиация туралы заңның аты бөлек болғанымен біздің халқымыз оны  бұрыннан қолданып келеді. Олай дейтініміз, қазақ үшін бітімгершілік – билік айтудың ең озық өнегесі саналады.  Дана билеріміз, атап айтқанда, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке, тағы басқа билер дау атаулыны бітімгершілік жолымен бітіріп отырған. Мұндағы мақсат, елдің бірлігін сақтау, сол арқылы халықты татулыққа үндеген. Қазіргі заңдарымызда бұл норманың жандануы мемлекетіміздің тұтастығын нығайтуда үлкен роль атқарады.

Билер соты дәстүрлі қазақ қоғамында қалыптасқан билік институтының құқықтық нормаларды реттеудегі озық үлгісі десек, оларды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу біздің басты мақсатымыз.

Марат Ибрагимов,

Бостандық аудандық сотының судьясы

Алматы қаласы

Телефоны под прикрытием: водитель ИП пытался провести гаджеты в колонию

В учреждении №12 средней безопасности Департамента по Алматинской области...

Лудомания – ғасыр дерті

Құмар ойындар тек жекелеген адамдардың тағдырына ғана емес, жалпы...

Әлімжеттіктің түрлері және алдын алу жолдары

2026 жылдың наурыз айында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Филология факультетінде...

Астанада көктемгі жалпы тазалық жұмысы жүріп жатыр

Елорда коммуналдық қызметі қыс мезгілінен кейін қаланы ауқымды санитарлық...

Верность профессии

В сфере здравоохранения ценны не только профессионализм, но и...