Қонаев қаласының дәрігерлері науқастың өмірін сақтап қалды

Ақ халаттылар басынан ауыр жарақат алған, қажетті шұғыл тексеруден кейін, жансақтау бөлімшесіне жатқызылған облыс орталығы тұрғынының өмірі үшін бірнеше күн күресті. Бар күш-жігері мен тәжірибесінің нәтижесінде дәрігерлер науқасты аман алып қалды. Бүгін де ол үйіне оралуға дайын.
-Екі аптадан астам уақыт бұрын Қонаев қаласының тұрғыны травматикалық субарахноидальды қан кетумен медициналық мекеменің жансақтау бөлімшесіне түсті. Оған дәрігерлер қысқа уақыт ішінде компъютерлік томография арқылы зерттеу жүргізді. Бұл диагнозды медициналық жабдықтың жоғары сезімталдығына байланысты тез анықтауға мүмкін болды, — деді дәрігер-реаниматолог Қанат Рахимов.
Бүгін науқас және оның туыстары алған әсерлерімен бөлісіп қана қоймай, күн сайын жансақтау бөлімшесінің жұмысын жеке қадағалауға алған емдеу мекемесінің директоры Ракишева Айман Галимжанқызына алғыстарын жаудыртты. Сондай-ақ, дәрігер-реаниматолог Қанат Исабекұлы Рахимовқа жылы лебіздерін жеткізді: «Туысымызды емдеу кезінде жансақтау бөлімшесінде дәрігерлердің жұмысы қандай ауыр болатынын түсіндік. Баршаңызға, әсіресе, бауырымыздың аман қалуы үшін ерекше «тер төккен» дәрігер-реаниматолог Қанат Исабекұлына алғысымыз шексіз!».

Телефоны под прикрытием: водитель ИП пытался провести гаджеты в колонию

В учреждении №12 средней безопасности Департамента по Алматинской области...

Лудомания – ғасыр дерті

Құмар ойындар тек жекелеген адамдардың тағдырына ғана емес, жалпы...

Әлімжеттіктің түрлері және алдын алу жолдары

2026 жылдың наурыз айында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Филология факультетінде...

Астанада көктемгі жалпы тазалық жұмысы жүріп жатыр

Елорда коммуналдық қызметі қыс мезгілінен кейін қаланы ауқымды санитарлық...

Верность профессии

В сфере здравоохранения ценны не только профессионализм, но и...