Төлебилік полицейлер отбасы күнінде перзентханаға барды


«15 мамыр Халықаралық Отбасы күні» мерекесі қарсаңында, Төлеби аудандық полиция бөлімінің Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы полиция капитаны Ақмарал Боташева, әкімдіктің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу қызметі секторының меңгерушісі Қуаныш Омаров, аурухана мен емхана қызметкерлері бірлесіп, ерекше шара ұйымдастырды. Яғни аталған мекеме қызметкерлері Төлеби аудандық ауруханасында сәбилі болған 8 ана мен Леңгір қалалық ауруханасындағы жаңа босанған 4 қыз-келіншекті мерекемен құттықтады. Сыйлықтар үлестіріп, нәресте мен аналарына ақ тілектерін жеткізді: «Мерекеге толы мамыражай мамыр айында дүние есігін ашқан сәбилеріміз туған жеріміздің мақтанышына айналар тұлға болсын! Сіздерге ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке тілейміз!»-деп ізгі ниеттерін білдірді. «Отбасы күнінде» өздеріне тарту жасалып, көрсетілген құрметке жас аналар ризашылықтарын білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Телефоны под прикрытием: водитель ИП пытался провести гаджеты в колонию

В учреждении №12 средней безопасности Департамента по Алматинской области...

Лудомания – ғасыр дерті

Құмар ойындар тек жекелеген адамдардың тағдырына ғана емес, жалпы...

Әлімжеттіктің түрлері және алдын алу жолдары

2026 жылдың наурыз айында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Филология факультетінде...

Астанада көктемгі жалпы тазалық жұмысы жүріп жатыр

Елорда коммуналдық қызметі қыс мезгілінен кейін қаланы ауқымды санитарлық...

Верность профессии

В сфере здравоохранения ценны не только профессионализм, но и...