Ер мен жердің жеңісі!

9 мамыр-біздің еліміздің ғана емес, бүкіл адамзаттың тарихындағы ең маңызды күндердің бірі. Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 78 жыл толып отыр бұл мерекені лайықты атап өту қазіргі ұрпақтың парызы деп білеміз. Жыл өткен сайын Отан үшін болған Ұрыстың маңызы және онда қаза болған бабаларымыздың ерліктері мәңгі жадымызда.

Бұл жылдары жүрегі Отаным деп соққан әр азамат барынша күресе білді. Әрбір азамат өз Отанына деген антын орындап шықты. Осы орайда, жыл сайынғы жақсы үрдіс ойынша ШҚО бойынша ҚАЖД №73 мекемесінің қызметкерлері тыл ардагерлерін Жеңіс күнімен құттықтайды. Мереке қарсаңында қызметкерлер тыл ардагерлері, қазіргі таңда мекеме зейнеткерлері Ланина Вера Савельевна, Крицкая Екатерина Павловна, Акимова Александра Петровнаға барып, мерекелерімен құттықтап, жылы лебізерін білдіріп, сыйлықтарын табыс етті.

Ата-бабаларымыздың арқасында бүгінгі күні өз тәуелсіздігімді алып, егеменді ел болып, әлемге танылып отырмыз. Өз әнұранымыз, өз елтаңбамыз, әрқашан биіктен көрінер туымыз  бар. Бұл біз үшін үлкен қуаныш, үлкен бақыт. Қуанышымыз, жеңісіміз ұзағынан болсын деп бүгінгі мерекелік шарамызды аяқтаймыз. Елімізде бейбітшілік болсын!

Әйелдер колониясында Жеңіс күніне арналған мерекелік іс-шара өтті

Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні қарсаңында Абай облысы бойынша...

В женской колонии области Абай прошло праздничное мероприятие ко Дню Победы

В преддверии Дня Победы в Великой Отечественной войне в...

Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясының қызметкерлері Ұлы Отан соғысы батырларына арналған ескерткіштің салтанатты ашылуына қатысты

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің әйелдер колониясының қызметкерлері...