Қазақ тілі қажеттілік болғанда ғана дамиды


Әрбір азаматтың өзі өмір сүріп жатқан елдің тілін білуі сол мемлекет
алдындағы жауапкершілігі мен отансүйгіштік қасиетін көрсетеді. Өкінішке
қарай, Қазақстанда қазақ тілі шын мәнінде мемлекеттік тіл мәртебесін
иелене алмай отыр. Мысалы, ел заңдарының барлығы алдымен орыс тілі
дайындалады, содан соң қазақ тіліне аударылады. Бұл, әрине, біздің
елдігімізге сын.

Қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесін алғалы оның қолданыс аясын
кеңейту мақсатында үкімет тарапынан атқарылып жатқан істер аз емес.
Сондықтан, тілдің өз тұғырына қонуы үшін азаматтар тарапынан белсенділік,
яғни, тілге деген құрмет керек оны әр адам өзінен бастауы қажет. Сонда ғана
нәтиже болады.
Бұл тұрғыда отбасында қазақша сөйлеп, балалардың тілін мемлекеттік
тілде шығарудың маңызы зор. Барлығымыз қазақ тілін үйреніп, үйде, көшеде,
жүрген ортамызда болсын, барлық жерде тек қана қазақша сөйлеуге
талпынуымыз керек. Өйткені, мемлекеттік тіл – тәуелсіздіктің қуатты тірегі.
Тілдің дамуына мемлекеттік, әкімшілік, заң шығарушы органдардың
қызметкерлері атсалысулары тиіс. Бұлай етпейінше қазақ тілінің қолданыс
аясы кеңеймейді. Мұны өмірдің өзі көрсетіп отыр.
Немістің экс канцлері Ангела Меркель «Сырттан келіп жатқан басқа ұлт
өкілдеріне біз міндетті түрде неміс тілін оқытамыз, өйткені, оларға неміс тілі
өздері үшін керек» деп неміс тілін білмейтіндердің ол елде немістер сияқты
өздерінің құқықтарын қорғай, сондай-ақ, материалдық, т.б. құндылықтарға
еркін қол жеткізе алмайтынын айтқан болатын. Бізге неміс ұлтының осы
тәжірибесі жетіспеуде. Қазақстанда тұратын және тұрғысы келетін
азаматтарға қазақ тіліне деген қажеттілік туғызудың тиімді тетіктерін жасау
кезек күттірмейді.
Мемлекеттік тілді біліктілік талаптарына сай білуді қажет ететін
кәсіптердің, мамандықтардың және лауазымдардың тізбесін белгілеу
туралы заң қабылданса мемлекеттік қызметкерлердің тілді меңгеру мәселесі
өз-өзінен шешілер еді. Қазақ тіліне қажеттілікті арттыру елдік іс, сондықтан,
оның қолдану аясын кеңейту жауапкершілік пен жүйелі жұмыстарды талап
етеді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, қазақ тілі
ұлтаралық қатынас тіліне айналуы үшін ел азаматтары жұдырықтай
жұмылып, «бір жағадан бас, бір жеңнен қол» шығарулары тиіс. Өйткені,
қазақ тілі – қазақтың ғана тілі емес, Қазақстан Республикасының мемлекеттік
тілі.
«Өз-өзіңді сыйласаң, жат жанынан түңілер» демекші, қазақ тілінің
дамуына ең алдымен өзіміз мүдделілік танытып, өзгелерге үлгі боларлық іс-
әрекеттер жасауымыз қажет. Сонда ғана діттеген межеге жетеміз.
А.Сыргабаева,
Алматы қаласының
№2 Алмалы аудандық сотының
судьясы

СВОЙ ДЕНЬ РОЖДЕНИЯ – НА УЧАСТКЕ

Для некоторых жителей Алматинской области день референдума совпал с...

Алматы облысында бір көшенің тұрғындары түгел таңдау жасады

Алматы облысындағы Қосқұдық ауылында республикалық референдум күні ерекше жағдай...

Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді

Ережесіз жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов Қонаев қаласындағы учаскелердің бірінде...

Ғасыр жасаған әже референдумда өз таңдауын жасады

Бүгінгі референдумда Ұзынбұлақтық 104 жастағы Күлпара Шортанова өз таңдауын...

Ардагерлер кеңесінің төрағасы алғашқылардың бірі болып дауыс берді

Бүгін Кеген ауданында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Шыңғыс Тұрсынов...