АЛМАТЫ АКАДЕМИЯСЫНДА ҚАЗА ТАПҚАН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН АҚ ҚАЙЫҢДАР АЛЛЕЯСЫ АШЫЛДЫ

Өткен жылы ІІМ М. Есболатов атындағы Алматы академиясында еліміз егемендік алған 30 жылдың ішінде қызмет бабында қаза тапқан академия түлектеріне арналған ескерткіш ашылған болатын. Мемориалды ескерткіштің тас тұғырына 32 полиция қызметкерінің есімі қашалып, ескерткіштің екі қанатына олардың суреттері қойылған. Отан қорғаушылар күні қарсаңында осы ескерткіш-аллеяға Академияның қаза тапқан түлектерінің рухына арнап 32 ақ қайың отырғызылды.

Аталған іс-шараға алғашқы кәсіби даярлық курсының тыңдаушылары қатысып, «Қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан Академия түлектеріне» арналған мемориалға гүл шоқтарын қойды.

Ақ қайыңдар аллеясын ашу кезінде Академия бастығы полиция полковнигі А.Сайтбеков сөз сөйледі. «Қазақстан полициясының 30 жылдығы қарсаңында ашылған бұл ескерткіш халық тыныштығы үшін құрбан болған әріптестерімізге деген құрмет болатын. Мемориалды ескерткіш тасқа есімдері жазылған полиция қызметкерлері – өмірлерінің соңына дейін Отан алдында қабылдаған анттарына адалдық танытқан бейбіт күннің батырлары. Олардың ерлік істері болашақ офицерлер үшін ерлік пен адалдықтың үлгісі. Бүгінгі отырғызылған ақ қайыңдар батыр да батыл әріптестеріміздің рухына деген тағы бір үлкен құрмет. және болашақ полиция қызметкерлері үшін үлкен тәрбие мектебінің бір көрінісі»-деді М.Есболатов атындағы Алматы академиясының бастығы А.Сайтбеков.

Ақ қайың отырғызу жұмысына академия қызметкерлерімен бірге тыңдаушылар да белсенді түрде ат салысты. Бұл салтанатты іс-шара ішкі істер органдарына алғаш кірген тыңдаушылардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуға, салауатты өмір салтын ұстануға, жалпы мәдени және кәсіби ой-өрісін дамытуға ықпал ете отырып, олардың моральдық, іскерлік және кәсіби қасиеттерін ұштайтыны анық. «Ерлерді ел де ұмытпас, жер де ұмытпас» деп Мағжан ақын жырлағандай жапырақ-жүрек ақ қайыңдар самал желмен тербелген сайын қаза тапқан батырлардың ерліктерін әр кез еске салып тұратын болады.

Салтанатты жиын соңынан Академия бастығы жас қызметкерлермен, тыңдаушылармен естелікке фотосуретке түсті.

Обжалование подзаконных актов в АППК

17.12.2025 года Законом «О внесении изменений и дополнений в...

Әйелдер колониясында Жеңіс күніне арналған мерекелік іс-шара өтті

Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні қарсаңында Абай облысы бойынша...

В женской колонии области Абай прошло праздничное мероприятие ко Дню Победы

В преддверии Дня Победы в Великой Отечественной войне в...

Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясының қызметкерлері Ұлы Отан соғысы батырларына арналған ескерткіштің салтанатты ашылуына қатысты

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің әйелдер колониясының қызметкерлері...