4 мамырға арналған ауа райы болжамы

«Қазгидромет» 4 мамырда Қазақстанның әр өңірі тұрғындарын қандай ауа райы күтіп тұрғанын хабарлады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Айнымалы бағыттағы жел секундына 2-7 метр. Ауа температурасы түнде 1-3 градус аяз, күндіз 17-19 градус жылы.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел секундына 0-5 метр. Ауа температурасы түнде 0-2 градус жылы, топырақ бетінде 1-3 градус аяз, күндіз 10-12 градус жылы.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын желдің күші 8-13, екпіні 15-20, күндіз секундына 25 метр. Ауа температурасы түнде 6-8, күндіз 20-22 градус жылы.

Ақмола облысында жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын жел секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 1-6 градус аяз, облыстың солтүстігі мен батысында 3 градус жылы, күндіз 17-22, облыстың шығысында 14 градус жылы.

Алматы облысының таулы аймақтарында жауын-шашын аз (жаңбыр, қар) жауады. Жел солтүстік-шығыстан 9-14, солтүстікте, облыстың таулы аймақтарында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 1-6 градус аяз, облыстың оңтүстігінде 2 градус жылы, облыстың таулы аймақтарында 10-15 градус аяз, күндіз 8-13, облыстың таулы аймақтарында 0-5 градус жылы.

Жетісу облысының таулы аймақтарында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар). Солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 9-14, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 17-22 метр, күндіз Алакөл маңында секундына 28 метрге жетеді. Түнде 1-6 градус аяз, облыстың солтүстігінде, таулы аймақтарында 9 градус аяз, күндіз 10-15, солтүстікте, таулы аймақтарда 5 градус жылы.

Түнде Батыс Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр, облыстың оңтүстігі мен батысында қатты жаңбыр, күндіз облыстың оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ жауады. Жел оңтүстік-шығыстан 9-14, облыстың батысында, оңтүстігінде секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 10-15, күндіз 20-25, облыстың оңтүстігінде 28 градус жылы.

Обжалование подзаконных актов в АППК

17.12.2025 года Законом «О внесении изменений и дополнений в...

Әйелдер колониясында Жеңіс күніне арналған мерекелік іс-шара өтті

Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні қарсаңында Абай облысы бойынша...

В женской колонии области Абай прошло праздничное мероприятие ко Дню Победы

В преддверии Дня Победы в Великой Отечественной войне в...

Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясының қызметкерлері Ұлы Отан соғысы батырларына арналған ескерткіштің салтанатты ашылуына қатысты

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің әйелдер колониясының қызметкерлері...