Қызылордада тергеу изоляторының қызметкерлері оқушыларға Ш.Қабылбаев атындағы ҚР Ішкі Істер Министрлігінің Академиясына оқуға түсуге үгіт- насихат жүргізді
Қылмыстық атқару саласының Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ Департаментіне қарасты № 68 мекемесінің Кадр саясаты тобының инспекторы міндетін атқарушы әділет капитаны Е.Романкулов пен РжКБ – нің бақылаушысы, әділет кіші сержанты Н. Қыдырбек қызы кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізу үшін қаладағы қаладағы № 212 мектебіне барып,
мектеп бітіруші түлектермен кездесті.
Кездесу барысында капитан Романкулов жоғарғы сынып оқушыларына мамандықтың бәрі жақсы бірақ әркім өз қабілетіне қарай, таңдау жолында дұрыс қадам жасау керек екендігін айта келіп, ішкі істер саласына жұмыс жасауға шақырды.
Соың ішінде ҚАЖ қызметкерлерін дайындайтын Ш.Қабылбаев атындағы Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігінің Академиясына оқуға түсу жолдарын түсіндірді.
Өздері оқыған академияның ерекшеліктері мен материялдық жағдайы мен білім сапасының артықшылықтары жөнінде тереңірек әңгімелеп берді.
Сондай-ақ, Қызылорда облысының Қылмыстық- атқару жүйесі Департаментіне қарасты түзеу мекемелеріне сержанттар құрамының бос орындарына үміткерлерді жұмысқа қабылдау бойынша брошюралар таратып, тергеу изоляторы жөнінде жинақталған видеожазбалар мен фотоларды көрсетіп қайтты.
Қызметке орналасу үшін кандитаттардан құжаттарды қабылдау, ішкі істер қызметкерлеріне арналған бағдарламалар мен жеңілдіктер жөнінде де айтылды.
Түлектер погондағылардың әңгімесін қызыға тыңдады. Өз тараптарынан сұрақтарын қойып, нақты жауаптарын да алды.
Оларға әсіресе, қиындығы мол салада нәзік жандылардың жұмыс жасауы қызығырақ болды.
«Бұл салада жұмыс жасау сізге қиын емес пе?» деген сұраққа кіші сержан Нүрзия Қыдырбекқызы былайша жауап берді:
Мен де өздеріңіздей оқушы болдым. Қай саланы таңдасамда, жақсы мамандық иесі болсам деп армандадым. Сол арманымды орындау мақсатында тиянақты білім алып, өзімнің тарих, құқық пәндеріне бейім екендігімді байқаған соң, заңгер мамандығына оқып, диплом алдым.
Форма киюді мақсат тұттым. Бүгінде , осы саланы таңдағаныма еш өкінбеймін.
Отбасын құрғанмын, екі балам бар. Жұмысым мен отбасын қатар алып жүрмін. Қызметіме кірісер алдында Отан қорғау жолында адал болам деп ант қабылдадым.
Антқа адалдық ҚАЖ қызметкерінің басты ұстанымы болу керек. Қызмет бабы ер мен әйелге бірдей міндет жүктейді- деп, тергеу изоляторында 35 қыз- келіншектің ер азаматтармен қатар бір сапта тұрып, табанды еңбек етіп келе жатқандығы жайлы мақтанышпен баяндап берді.


