Тіл – болашақ кепілі

Мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының борышы. Тіліміздің тарихы – халқымыздың тарихының көрінісі. Тіл – халықтың жаны, мәдениетіміздің айнасы. Сондықтан шұбарланып кеткен тіліміздің мерейін өсіруімізге атсалысуымыз керек. Сонда ғана мемлекетіміздің мәртебесі өседі. Қоғамдағы өзгерістердің бәрі тілге, оның дамуына әсер етеді. Өйткені тілдің тағдыры сол тілде сөйлейтін, сол тілді қолданушы, сол тілді жасаушы ұлт, халық тағдырымен тамырласып жатады.
Қазақстандағы барлық халықтардың тілі мемлекеттік тіл ретінде қалыптасса, осы бетбұрысты ұстанған қоғамдық іс-шаралар жемісті жұмыс істегенде ғана оң нәтижеге бермек.
Бүгінде әр азамат тілдің – үш тұғырлығын дамытып, тілдің беделін арттыруға үлес қосуы міндетті.
Қазақстан Республикасының ХХІ ғасырдағы болашағы, шығар биіктері саяси-экономикалық факторлармен қатар, оның мемлекеттік тілі — қазақ тілінің де дамуына тікелей байланысты. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесі Ата Заңымызда анық айқындалған.
Біз қандай жағдайда да, қай кезде де өзге тілдердің дамуына еш нұқсан келтірмей, оларға деген мемлекеттік қолдау — қамқорлық аясын тіпті де тарылтпай отырып, қалай дегенде де Қазақстан Республикасы мемлекетінің негізін құраушы, ел-жер иесі қазақ халқының ұлттық тілі — қазақ тілінің, мемлекеттік тілдің мүддесін мейлінше кең көздеуге маңыз береріміз белгілі. Бұл — әр қазақстандықтың қастерлі парызы. Қазақ тілінің өз мәртебесіне сай толыққанды қоғамдық қызмет атқаруы аса қанағаттанғысыз екенін жан-тәнімізбен түсіне отырып, бүгінде «Тіл туралы» Заңның жүзеге асу барысын талқылауда басты назарды мемлекеттік тіл тағдырына аударарымыз анық. Өйткені қазақ тілі әлемдік мәдениеттің бөлінбес бір бөлшегі ретінде тек қазақ топырағында ғана мемлекеттік мәртебені талап ете алады.
Тәуелсіздіктің негізгі тірегі — ұлттың тілі, діні, ділі. Тәңірдің адам баласына жасаған сыйы да — тіл. Ол — қасиетті де қастерлі. Оның бойында өзекті, жанды өзіне тартып тұратын керемет күш бар. Тілде бүкіл тіршілік тұрғандай. Тіл — ұлттың аса игілікті әрі оның өзіне тән ажырағысыз белгісі. Тілдің тағдыры — баршамыздың қолымызда.
«Ел сөйлесе бір тілде, сен де сөйле, іркілме»- деген ақынымыз Қадыр Мырза Әлінің орамды сөздерін ойға ала отырып, қалың елім қазағыма айтарым мемлекеттік тілді өркендетуде өз үлесімізді қосуда аянбай еңбек етейік дегім келеді.

Түркістан облысы мамандандырылған
ауданаралық әкімшілік сотының
бас маман-сот отырысының
хатшысы М.Сейдуалхан

Қазақстанда құны 800 миллиард теңгеден асатын 45 кәріздік тазарту құрылысы жаңартылады

Осыдан ондаған жыл бұрын пайдалануға берілген кәріздік тазарту нысандары...

 Жемқорлықты болдырмау — міндетіміз

       Жемқорлық - қоғамның дамуына кедергі келтіретін, заң үстемдігі мен әділдікқағидаттарына нұқсан келтіретін аса қауіпті әлеуметтік құбылыс. Ол азаматтардың мемлекеттікоргандарға деген сенімін төмендетіп, қоғамдағы әділдік пен ашықтық қағидаттарыныңәлсіреуіне әкеледі. Сондықтан сыбайлас жемқорлықтың алдын алу - мемлекеттің ғана емес, әрбір азаматтың ортақ міндеті.        Қазақстан Республикасында жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының...

2026 жылғы бірінші жартыжылдықта Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы жұмыстың қорытындылары

  Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы бақылау және құқықтарды қорғау жұмыстарының...

Меритократия іс жүзінде: Айдардың мемлекеттік қызметтегі үлгілі жолы

Мемлекеттік қызметтегі меритократия – бұл әрбір қызметкердің тек өзінің...

Қазақстанда қайтадан +44 ыстық: Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

Елдің басым бөлігінде күн күрт ысиды. Оңтүстікте ауа температурасы...