2 мамырға арналған ауа райы болжамы

Қазгидромет 2 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Синоптиктердің мәліметінше, батыста, оңтүстік-батыста жаңбыр жауады, Маңғыстау облысында кей уақытта күндіз қатты жауын болады.

Шығыста және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жауын-шашын жауады. Алматы облысында кей уақытта қатты жауын-шашын болады.

«Қазақстанда жел күшейіп, республиканың батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында күн күркіреп, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік пен шығыста тұман, оңтүстік-батыс пен оңтүстікте шаңды дауыл болады», — делінген хабарламада.

Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды ​​облыстарында, Алматы облысының таулы аймақтарында 1-6 градус аяз, Қостанайдың солтүстік-шығысында, Ұлытаудың солтүстігінде, таулы аймақтарында 1-6 градус аяз, Жетісу облыстарында 2 градус аяз болады.

Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан екпіні секундына 3-8 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 1-3 градус аяз, күндіз 13-15 градус жылы.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан екпіні секундына 3-8 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 6-8, күндіз 15-17 жылы.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел екпіні секундына солтүстік-шығыстан 8-13 метр, күндіз 15-20 метр болады. Ауа температурасы түнде 12-14, күндіз 24-26 жылы.

ТҮРКІСТАН ПОЛИЦИЯСЫНДА ЗАҢДЫЛЫҚ ПЕН АДАЛДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Түркістан облысы Полиция департаментінде қызметтік тәртіпті нығайту, заңдылықты сақтау...

Жер – өңірдің басты байлығының бірі: оны ұтымды әрі тиімді пайдалану – ортақ міндет

Жер – мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік және стратегиялық дамуының негізгі...

Қазақ – бақытты әрі жасампаз ұлт

«Біз ешкімнен кем емеспіз. Көршілерімізбен де, басқа мемлекеттермен де...

Тіл – халықтың қазынасы

Тіл – халықтың қазынасы» деген сөз бекер айтылмаған. Ана...