Келестік полицейлер мерекені кең көлемде атап өтті

Келес ауданының полицейлері мен әкімдіктің тиісті бөлім қызметкерлері бірлесіп, Жеңіс саябағында Келес аудандық этно-мәдени бірлестіктерінің қатысуында «1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні» мерекесіне байланысты іс-шара өткізді.

Шара барысында түрлі халықтың мәдениеті паш етілген көрме ұйымдастырылды. Қазақстан халқы ассамблеясының Келес аудандық өкілдерімен кездесу өтті. Аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Ілесбек Нұртаев барша Қазақстан халықтарын айтулы мерекемен құттықтады. Ал ішкі істер органында 30 жылдан астам, оның ішінде Келес аудандық полиция бөлімінде басшылық қызметтерде жұмыс атқарған Жүсіпбек Жанкараев ізгі тілегін арнады.

Мерекелік іс-шарада Мәдениет үйінің қызметкерлері әр ұлттың мәдениетін, киім үлгісін, салт-дәстүрін көрсетіп, би билеп, әр ұлттың әндерін шырқады.

Одан әрі мереке этносаралық келісім тақырыбында «дөңгелек үстелмен» жалғасты. Оның негізгі мақсаты- «Мәңгілік ел» патриоттық идеясының құндылықтары негізінде қоғамды біріктіру тұжырымдамасын іске асыру.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Жемқорлыққа жол жоқ

Елбасы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жахандық бәсекеге  қабілетті» атты Жолдауында ...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – қоғамның ортақ міндеті

Сыбайлас жемқорлық – кез келген мемлекеттің дамуына кедергі келтіретін...

Мемлекеттік қызмет – елдің мүддесіне адал еңбек

Мемлекеттік қызмет – елдің мүддесіне адал еңбек — бұл...

Тіл ұлттың аса ұлы игілігі

Тіл ұлттың аса ұлы игілігі, әрі оның ажырағысыз белгісі....