Мамандығым — мақтанышым!

Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі Департаментіне қарасты #79 мекемесі жанындағы колледжде студенттердің қызығушылығын арттыру мақсатында «Ашық есік» күніне «Мамандығым мақтанышым» атты тақырыбында кәсіби бағдар беру шарасы ұйымдастырылды. Колледж мақсаты мамандық құндылығы туралы түсініктерді кеңейту, оның нәтижесіндегі еңбек қуанышы туралы ұғым беру, кәсіби шеберліктерін дамыту.

Биыл әр топ бітіруші студеттеріміз жетекшілерімен бірігіп, оқыған мамандықтарынан алған білімдерін шарада жоғары деңгейде көрсетті. Шарада мамандық бойынша бағдарлама құрастырылды: Аспаз-кондитер тобы аспазшылар әлемі-шеберлік сағатында студенттердің қолдарынан дайындалған тамақтарын, тіс басар және түрлі салаттардың жасалу жолдарын түсіндіріп өтті. Тігіншілер тобы- жарасымды киінуде өнер. Өз қолдарынан тіккен киім үлгілерінің сызбасын, үлгісін әзірлеуді, эстетикалық талғамдардың қалыптастыру мүмкіндіктері туралы ақпараттар беріп, оларды ортады киіп көрсетті. Шаштараз тобы- қыз көркі шаш.

Шаш үлгілерінің үйлесімінің идеяларын тауып, қазіргі таңда қажетті мамандық екенін айта отырып, студенттер арасында эксперемент жасалды. Кітап білімнің айнасы, терең бастауы кітапхана көрмесі өтті. Көрмеде студенттер өздеріне қажетті кітаптармен танысып , өзара пікір талас болды. Ісім оңсын десеңіз, сол істің маманы болыңыз. Міне осындай ұстанымды ұстап, колледж қызметкерлері студенттерді мамандыққа баулып, тәрбиелеп бірігіп жұмыс жасауда. Шара соңында студенттер өз өнерлерін ортаға салып, келер жылдың студенттеріне сәттілік тіледі.

Әйелдер колониясында Жеңіс күніне арналған мерекелік іс-шара өтті

Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні қарсаңында Абай облысы бойынша...

В женской колонии области Абай прошло праздничное мероприятие ко Дню Победы

В преддверии Дня Победы в Великой Отечественной войне в...

Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясының қызметкерлері Ұлы Отан соғысы батырларына арналған ескерткіштің салтанатты ашылуына қатысты

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің әйелдер колониясының қызметкерлері...