Талдықорған қаласында көрсеткіш сот ұйымдастырылды

Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖД қарасты Талдықорған қалалық пробация қызметі сотталғандарға арнайы көрсеткіш сот ұйымдастырды.

Қалалық пробация есебінде тұратын сотталғандар қатысуымен, бас бостандығын шектеу жазасын бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы сот процессі ашық түрде өтті.

Іс-шараның басты мақсаты — пробация есебінде тұрған сотталғандарға, жаза өтеу тәртібін бұзу әрекеттерінің алдын алып, іс жүзінде зардаптарын көрсету.

Сотта қарастырылған, пробация бөлімінің ұсынысы қанағаттандырылып, жаза өтеу шарттарын бұзғаны үшін бас бостандығынан шектеу жазасы бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды.

«Көрсеткіш сот пробация есебінде тұрған сотталғандарға жаза өтеудегі міндеттерін бұзбауына үлгі болуы үшін ұйымдастырылған шара»,- деп атап өтті пробация бөлімдеріне басшылық ету бөлімінің бастығы Жасұлан Оспан.

Тіл – халықтың қазынасы

Тіл – халықтың қазынасы» деген сөз бекер айтылмаған. Ана...

Санкционирование постановлений судисполнителей 

Санкционирование постановлений судебных исполнителей о временном ограничении на выезд...

Если наследник умер, не успев принять наследство

ИНОГДА ЖИЗНЬ РАСПОРЯЖАЕТСЯ ТАК, ЧТО НАСЛЕДНИК УХОДИТ ИЗ ЖИЗНИ,...

Опасный феномен «аптечной наркомании»

В ПОВСЕДНЕВНОЙ ЖИЗНИ ЛЮБАЯ АПТЕКА ТРАДИЦИОННО ВОСПРИНИМАЕТСЯ КАК ИНСТИТУТ,...