Қайта қылмыстың алдын алу мақсатында пробация есебінде тұрған сотталған тұлғаларды жұмысқа орналастыру жүйесі жүйелі түрде атқарылып келеді.
Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаментінің Түркістан қалалық пробация қызметінің есебінде тұрған қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаға тартылған азаматтарға арналған жиналыс өтті.. Аталған шара Түркістан қалалық әкімдігінің жастар бөлімі мен қалалық пробация кызметі бөлiмiнiң ұйымдастыруымен пробация есебіндегі жастарга мемлекеттiк бағдарламаларды түсіндіру және насихаттау максатында түсіндірме жұмысы жүргізілді. Жұмыссыз жүрген адамдар мен жалақысы төмен жұмысты жасап келген азаматтар да қатысып, өздерінің жанына жақын жұмысқа өтініш қалдырып, Жұмыспен қамту орталығы арқылы жолдама алады.
Кездесуге Түркістан қалалық кәсіпкерлер палатасының, қалалық Жұмыспен камту орталығының мамандары шақыртылып жастарға бизнес бастау жане мемлекет тарапынан берілетін 2,5 пайыздық несиелерді алу жолдары түсіндіріліп бағыт-бағдарлар берілді.
— Бүгінгі шарада пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтар қатысып, өздерінің өтінішін бере алады. Әрине, егер ол адам жұмыс берушінің талабына сай болса, құжаттарын сол жерде тапсырып кетуіне болады. Мұндай шараларды ұйымдастырудағы басты мақсатымыздың бірі, өмірде қателік жасап, шалыс басқан жандарды қоғамға бейімдеу болып табылады. Сонымен қатар, жұмыссыз үйде бос жатпай, отбасын асырауға да мүмкіндігі бар. Қылмысқа бой алдырған адамдардың басым бөлігі, жұмыссыздықтың салдарынан барады. Жұмыссыз үйде отырған адам ақша табу үшін ұрлыққа, тонауға баратыны айдан анық. Осындай қылмыстарды болдырмау үшін сотталған азаматтарды жұмысқа орналастырып, оларды өзіміз бақылап отырамыз, — деді Түркістан қалалық пробация қызметінің инспекторы әділет капитаны Жасұлан Шарипов.
Сонымен қатар, аталған шарада пробация есебіндегі жастарга мемлекеттiк багдарламалар кеңінен түсіндірілді. Сотталған жастар өздерінің көкейлерінде жүрген сұрақтарын сала мамандарына қойып тұщымды жауап алды.
Аталған шараға қатысып тұрақты жұмысқа жолдама алған қалалық пробация есебінде тұрған сотталған азаматтар өздерінің алғысын білдірді.
-Мен аталған шарадла пробация қызметінің қызметкерлері мен Жұмыспен қамту орталығының мамандарының арқасында мемлекуеттік бағдаралама аясында өз кәсібімді ашуға ниет білдіріп отырмын. Әрине қателікке ұрынып істі болған адам өз бетімен жұмысқа орналасуы да қиынға соғары анық. Мемлекет тарапынан есепке алынғандардлы шеттетпей қоғамға етне араласып кетуіне мүмкіндік бергеніне алғысым шексіз, — деді Кентау қалалық пробация қызметінің есебінде тұрған Асхат


