12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Мықтыларды анықтаған дода

ҚазҰУ-дің Философия және саясаттану факультетінде философия кафедрасының ұйымдастыруымен республикалық дәстүрлі ХV пәндік олимпиада болып өтті. Олимпиадаға еліміздегі белгілі жоғары оқу орындарының 12 командасы қатысты. Олимпиада жеңімпаздарын анықтау үшін құрылған қазылар алқасына Философия, саясаттану және дінтану институты Философия орталығының директоры Серік Нұрмұратов төрағалық етті. Студенттер 3 тур бойынша бақ сынады. Ұйымдастырушылар тарапынан дайындалған теориялық, практикалық, шығармашылық тапсырмалар сайыстың көркін қыздыра түсті.

Командалар өздерінің философиялық қызығушылығын сипаттай отырып, жеке қасиеттерін де көрсете білді. Студенттердің бірнеше тілді қатар меңгеріп, өз ойын жетік жеткізуін қазылар жоғары бағалады. Екінші турда команда мүшелері ұйымдастырушылар тарапынан қойылған қызықты сұрақтарға жауап беріп, өздерінің сана тұңғиықтарының қаншалықты терең екенін көрсетуге мүмкіндік алды.

Философия саласын өнердің тылсым күшімен ашу олимпиадада бұрын-соңды қолданылмаған тәсіл. Десе де, әр жоғары оқу орнының үмітін үкілеп келген командалар бұл сайыста да бұғып қалмады. Дәстүрлі қазақ ой-танымында тереңдік пен көркемдік, суырып салма шешендік пен ақындық, сын мен салмақты сұхбат та болған. Осы ізгі дәстүрді жалғастырған жастар ән, жыр, күй, пәлсапалық көрініс, қара өлең жолдары арқылы баршаға философиялық ой тастап, тамашалап отырған көрерменнің ризашылығына бөленді. Кіл мықтылар дайындықтың жоғары деңгейін көрсете білді.

Олимпиада соңында 6 түрлі жүлделі орын тағайындалып, қалған командаларға арнайы номинациялар белгіленді. Осылайша, жүлделі 1 орынды ҚазҰУ командасы, 2 орынды М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің командасы мен Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің командасы өзара бөліске салды. 3 орынға Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық зерттеу университеті және Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының командасы лайық деп табылды.

Олимпиада тек қана студенттердің білім сайысы емес, олардың өзара танысу, түрлі тақырыптарда пікір алмасу алаңына айналды. Мұндай жиындар студенттерді басқа қырларынан танытып, білімге деген құштарлықтарын арттыра түсетіндігі анық.

Гүлнар Мәлікқызы,

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

философия кафедрасының доценті

Әдеп кодексінің талаптарын сақтау міндет

Сыбайлас жемқорлықпен күрес мемлекеттік қызметшілерге қатаң талап пен жауапкершілік жүктейді. Мемлекеттік қызметкерлердің әдеп кодексінің талаптарын, сондай-ақ, заңмен белгіленген...

Самый ценный ресурс – здоровье граждан

Парк службы скорой медицинской помощи г. Шымкента пополнился 30...

Личное поручительство в уголовном процессе

В целях обеспечения необходимых условий для успешного расследования и...

Искусственный интеллект и право

ИСКУССТВЕННЫЙ ИНТЕЛЛЕКТ АКТИВНО ВНЕДРЯЕТСЯ В РАЗЛИЧНЫЕ СФЕРЫ ЧЕЛОВЕЧЕСКОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ,...

Еріктілер кеңесі мүшелері ауладағы қар тазалау акциясына қатысты

«Еріктілер кеңесі» — Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің ұйымдастыруымен құрылған...