Алматыда тазалық үшін күреске арналған #ТазаТау көрмесі ашылды

Экологияны қолдаушы #ТазаТау бастамашыл тобының белсенділері табиғат аясында өзін-өзі дұрыс ұстауды насихаттайтын плакаттар көрмесіне қатысатын жұмыстарды таңдап алды. Көрме 26 сәуірде Алматыда ашылып, 4-інші сәуірге дейін жалғасады. Кейін жұмыстар Іле-Алатау ұлттық табиғи паркінде қойылады.

Арт-жоба табиғатты ластаушылармен күреске арналған. Оны ұйымдастырушылар шара аясында таудағы тазалықты сақтауды насихаттау мақсатында жасалған плакаттармен өз жеке парақшаларында бөлісуді сұрайды.

Бірлескен жұмыстың маңыздылын атай отырып, эко-белсенді және #ТазаТау экологияны қолдауға арналған бастаманың басты ұйымдастырушысы Ажар Жандосова: “Іле-Алатау ұлттық табиғи паркі қызметкерлерінің мәліметінше, паркке жақын орналасқан Бутаковка, Қимасар, Алмарасан бағытының өзінен-ақ жыл сайын 700-ден 900 тоннаға дейін қоқыс шығарылады екен. Ал еліміз бойынша табиғаттағы тазалық мәселесі адам шошырлық жағдайда, ал мұны біз бірлесіп тоқтатуымыз керек».

Көрмеде 27 қатысушының түрлі жанрдағы 42 жұмысы қойлады. Қазақстандық суретшілер, иллюстраторлар мен дизайнерлерден байқау аясында келіп түскен барлық жұмыстар әділ қазылар алқасының бірауыздан шығарылған шешімімен көрмеге қойылатын болды. Байқау жеңімпаздары вернисажда жарияланады.

Арт-куратор Оля Веселованың айтуынша, байқауға қатысушылардан бөлек көрмеде әлемге әйгілі Георгий Трякин-Бухаров, Сәуле Сүлейменова, Шамиль Гулиев секілді суретшілердің тұтынумен, оның қоршаған ортаға зиянын ерекшелеп көрсететін суреттері қойылады. Plastic_Harahura тобының қайта өңделген пластиктан жасалған скульптурасы экспозицияның бөлігі болады.

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына 20 үміткер анықталды

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын беру жөніндегі конкурстық комиссияның қорытынды...

ҚазҰУ-да «Жасанды интеллект дәуірі: Баспа ісі, медиа және дизайн» атты халықаралық күзгі мектеп басталды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Ұлттық баспа күніне орай...

Жетісу облысындағы инсульт орталықтарында Cerebra жасанды интеллект жүйесі енгізілді

Жетісу облысындағы барлық инсульт орталықтарында ишемиялық және геморрагиялық инсультті...

Как горный туризм может расширить экономику Алматы

Развитие Алматинского горного кластера и проекта Almaty SuperSki может...