№60 мекемесінде басбостандығынан айырылған 10 адам шартты түрде мерзімінен бұрын босатылды

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық – атқару жүйесі департаментіне қарасты №60 мекемесінде басбостандығынан айырылған 10 адам шартты түрде мерзімінен бұрын босатылды.
Бұл мүмшіндік «қақпа алдындағы кездесу» әлеуметтік жобасы аясында жүзеге асты.
Босап шыққандардың дені бөтеннің мүлкін жымқырып, темір торға тоғытылғандар. Сот үкімімен олар 6 және 8 жыл аралығында басбостандығынан айырылған.
Сотты болғандар еркін өмірге қадам басу үшін тағайындалған жазаның жарты бөлігін өтеп, үлгілі тәртібімен көзге түсіп, қоғамға бейімделу үшін барын салды. Бостандыққа шыққан бойда олар пробациялық бақылауға алынады.
Мекеме әкімшілігіне қоғамға бейімдеу үшін жасаған шаралары мен тәрбие жұмыстары үшін өз алғысымды айтамын. Түзеу жолына өзімді нық тұрдым деп есептеймін. Енді қателікке жол бермеуге уәде беремін, — деді босап шыққан азамат.
Мекеме бастығының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары әділет подполковнигі Алтынбек Тұрарбекұлының айтуынша : ҚК 72 – 73 бабына сәйкес жазаның жеңіл түріне ауыстыру және шартты түрде мерзімінен бұрын босату бойынша 10 сотталған мемлекетке қызмыспен келтірілген шығынын өтеп, заңнамада көрсетілген жеңілдікке ие болған.

Адина Ұзақбай
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Тіл – халықтың қазынасы

Тіл – халықтың қазынасы» деген сөз бекер айтылмаған. Ана...

Санкционирование постановлений судисполнителей 

Санкционирование постановлений судебных исполнителей о временном ограничении на выезд...

Если наследник умер, не успев принять наследство

ИНОГДА ЖИЗНЬ РАСПОРЯЖАЕТСЯ ТАК, ЧТО НАСЛЕДНИК УХОДИТ ИЗ ЖИЗНИ,...

Опасный феномен «аптечной наркомании»

В ПОВСЕДНЕВНОЙ ЖИЗНИ ЛЮБАЯ АПТЕКА ТРАДИЦИОННО ВОСПРИНИМАЕТСЯ КАК ИНСТИТУТ,...

РЕШЕНИЕ СИСТЕМНЫХ ВОПРОСОВ В СФЕРЕ ОКАЗАНИЯ ГОСУДАРСТВЕННЫХ УСЛУГ НАСЕЛЕНИЮ

Одним из основных направлений деятельности Департамента является контроль за...