Түркістан облысының полицейлері 350-ге тарта «Трамадол» таблеткасын тәркіледі

Түркістан облысының полицейлері құқық бұзушылықтарды анықтау, алдын алу, сондай-ақ есірткі құралдарының заңсыз айналымының жолын кесу жөніндегі жедел-профилактикалық іс-шаралар шеңберінде «Трамадолды» заңсыз сақтауға және өткізуге қарсы іс-қимыл бойынша рейд өткізуде.

Мәселен Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Келес аудандық полиция бөлімімен бірлесіп, трассалардың бірінде «ВАЗ-2107» маркалы автокөлікті тоқтатты. Жедел уәкілдер автокөлікті, ондағы жолаушыны тексеру кезінде 200-ден астам «Трамадол» таблеткасын тауып, тәркіледі. Сараптама тағайындалды. Оқиғаның толық мән-жайы анықталуда. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында екі тәулік ішінде Сарыағаш және Келес аудандарында «Трамадол» препаратын заңсыз сақтау мен сатудың 7 дерегі анықталды. Полицейлер заңсыз айналымнан 350-ге жуық психотроптық таблетка тәркіледі.
Бұл жайттар ҚР ҚК-нің 296-бабы «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» мен ҚР ҚК-нің 297-бабы «Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу» бойынша тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Әдеп нормаларын сақтау міндет

Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби біліктілігі мен қызметтік әдебі, мінез-құлқы, этикалық...

Раздел без согласия

В КАЗАХСТАНЕ НАРАСТАЕТ ЧИСЛО ОБРАЩЕНИЙ, СВЯЗАННЫХ С НАРУШЕНИЯМИ В...

Жапон студенттері Іле-Алатауда қазақ мәдениетімен танысты

Наурыздың шуақты күндерінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде білім...

Кәмелетке толмаған жасөспірімдердің әкімшілік құқық бұзушылық жауаптылығы

Жалпы, кәмелетке толмағандар деп 18 жасқа толмаған тұлғаларды айтады....

Законного представителя оштрафовали за нахождение подростка в ночное время вне дома

Специализированным межрайонным судом по делам несовершеннолетних Жамбылской области за...