12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ҚазҰУ-оқу ордалардың көшбасшысы

Алатау бөктеріндегі әсем қала Алматыға арман қуып, білім іздеп  келген жастарға кеңінен құшағын жайып қарсы алатын қара шаңырақ  –ҚазҰУ. Талай қазақ баласына өмірлік азық болатын білім қорын беріп, төрткүл дүниемен теңдесе алатындай бәсекеге қабілетті мамандар даярлап  шығаруда еліміздің ең үздік оқу орны. Әлемдік стандартқа сай үш тілде білім беретін оқу орны мемлекетке қажетті барлық салалар бойынша кәсіби  біліктілігі жоғары мамандар даярлайдыБілім, ғылым және инновацияларды үйлестіретін классикалық көпсалалы университет бола отырып, ҚазҰУ еліміздегі ғылыми жобалар мен жарияланымдар саны бойынша көшбасшы болып саналады. Рейтингтік басылымдардағы әрбір бесінші қазақстандық жарияланым университетке тиесілі. Қазіргі таңда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 37 мамандық бойынша бойынша кадрлар даярлайтын жоғары оқу орны және ғылыми-зерттеу орталығына айналды. Университет құрамында 67 кафедра, 32 ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтар, технопарк бар.

Біздің университет жоғарғы білікті, бәсекеге қабілетті мамандарды дайындап, Қазақ ұлттық университетінің даңқын әлемге одан әрі паш ететін азаматтар мен азаматшаларды тәрбиелеп жатқанына кәміл сенімдімін. ҚазҰУ түлектері әлемнің қыр-сырын ашып, елімізді жарқын да ашық болашаққа жетелейді деп нық сеніммен айта аламын. Білім мен ғылым салаларында алған кәсіби тәжірибелері негізінде әлі де әлемді таң қалдыратын талай жаңалықтар ашып, университетіміздің туын көкке жеткізеді деп санаймын.    

 Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Қазақстанның жетекші классикалық университеті мəртебесіне ие Қазақстан білімі мен ғылымының ірі орталығы. ҚазҰУ-ды  еліміздің барлық жоғарғы білім беру жүйесінің тірегі, білікті мамандар ордасы деуге болады. Университетіміз гуманитарлық, жаратылыстану жəне техникалық мамандықтар бойынша бакалаврларды, магистранттарды, докторанттарды дайындайды. ҚазҰУ білім алушы тұлғаның жан-жақты дамуына, өзін-өзі кемелдендіруіне қажетті жағдай жасау үшін бар күш-жігерін салып, студенттік өзін-өзі басқаруға, көшбасшылық қасиеттерді тəрбиелеуге мол мүмкіндіктер тудыруда.

Тасилова Назия-Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Тарих археология және этнология факультеті Қазақстан тарихы кафедрасының оқытушысы.

Әбзелбек Әсел- Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Тарих археология және этнология факультеті Қазақстан тарихы кафедрасының студенті

ҚазҰУ-дың еліміздегі  білім мен ғылымды дамытудағы рөлі

   әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті -Қазақстандағы жетекші жоғары...

Қара шаңырақ ҚазҰУ-ға 90 жыл!

  Қазақ ұлттық университеті (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ)- Қазақстанның білім...

Народный трибун, ученый, наставник

Вот уже пять лет нет с нами нашего наставника...

Сапалы білім-қоғам дамуының негізі

Сапалы білім – бүгінгі күннің ең өзекті тақырыптарының бірі....

Ориентир для развития

В ежегодном Послании народу Казахстана Глава государства говорил о...