12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Полицейлер көлігін нөмірсіз басқарған мас жүргізушіні анықтады

      Келес аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жол қозғалысы ережелерінің сақталуын бақылау мақсатында, күнделікті рейдтік-профилактикалық іс-шаралар жүргізеді. Осындай кезекті қызметтік міндетін атқару барысында полицейлер, мас халде көлік басқарған жүргізушіні анықтады.                        
     Нақтырақ айтсақ, тәртіп сақшылары көше бойынша мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз келе жатқан «Folkswagen-Golf» маркалы көлікті байқап, бірден тоқтатты. Жүргізушімен тілдесіп, құжаттарын тексеру кезінде тәртіп сақшылары оның мас күйіне күдіктенеді. Жағдайды анықтау үшін медициналық сараптама тағайындады. Куәландырудың қорытындысына сәйкес жүргізушінің мас екені расталды.    
     Сонымен қатар жүргізушінің 27.04.2022 жылы мас халде көлік басқарғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабымен кінәлі деп танылып, 7 жыл мерзімге автокөлік басқару құқығынан айырылғаны белгілі болды.     
       Осыған қарамастан екінші рет алкогольдік масаң халде көлік басқарған жүргізушіге қатысты ҚР ҚК-нің 346-бабы «Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ал көлікті нөмірсіз басқарғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 2-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылды.                 
     Түркістан облысының полицейлері автокөлікке мас халде отырмаңыз, бұның соңы жазатайым оқиғалар мен өлімге әкеп соғуы мүмкін екенін ескертеді. 

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

В Алматы в комьюнити-центрах проходят диалоговые площадки для молодежи

В Алматы при поддержке Управления молодежной политики города во...

Алматыдағы комьюнити-орталықтарда жастарға арналған диалог алаңдары өтуде

Алматы қаласында Жастар саясаты басқармасының қолдауымен барлық комьюнити-орталықтарда жастардың...

В Алматы завершился сезон кинопоказов под открытым небом

В Алматы при поддержке Управления молодежной политики волонтеры в...

Алматыда ашық аспан астындағы кинокөрсетілім өз мәресіне жетті

          Алматыда Жастар саясаты басқармасының қолдауымен қала волонтерлері жаз...

Ұлттық ұланда жаңа техника: Сарбаздар көлікпен күзгі вальс орындады

Құқықтық тәртіп әскерінің автопаркі жаңа көліктермен толықты. Су жаңа...