12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Сот – мәртебелі орын

Сот – мәртебелі орын. Бұл жерде мемлекет атынан үкім, шешім шығарылады. Сондықтан сот ғимараттары мен сот мәжілісі залдарының қауіпсіздігіне, ортақ тәртіптің сақталуына ерекше мән беріледі.

Республика соттарында сот процесі өтетін залдар толықтай дыбыс-бейне жазу құрылғыларымен жабдықталған. Мұндағы процестер 100 пайыз таспаға жазылады. Таспаны редакциялауға, өшіруге, бүлдіруге ешкімнің құзыреті жоқ. Соның арқасында сот отырысына қатысты арыз-шағымдардың негізді-негізсіз екенін анықтау қазір өте оңай.

Заманауи технологияның арқасында сот ғимаратына келгендер қатаң тексеріледі. Сот залдарына суық қару, жарылғыш зат, қауіпті дүние алып кірмеу үшін тексерудің маңызы зор. Мұндай жіті тексеріс азаматтардың төрелік алаңына үлкен жауаптылықпен қарауына ықпалын тигізеді.

Десек те, қауіпсіздік шаралары жан-жақты қамтамасыз етілгенімен, азаматтардың ортақ тәртіпті сақтамауы, эмоциясын бақылай алмайтын кездері аз кездеспейді. Айналасын сыйламайтын, өзгелердің сөзін тыңдап үлгермейтін жандар сот отырысының талапқа сай өтуіне айтарлықтай залалын тигізеді. Сотта ақ-қара анықталып, ақиқат айқындалатындықтан процеске қатысушылардың судья талабына бағынуы, айналасын сыйлауы, өзгелердің сөзін бөлмей тыңдауы, жалған сөйлемеуі маңызды. Мұның барлығы қарапайым құқықтық мәдениеттің көрсеткіші. Алайда, кейбір сот отырыстарында қарсы тараптың сөзін қасақана бөлу, жаңылыстыру, судьяның өз мәндетін атқаруына қолдан кедергі келтіру жағдайлары да орын алып жатады. Судья өз құзыретін пайдалана отырып мұндай кезде тәртіп бұзғандарға ескерту беруге, сот отырысын тоқтатып немесе кейінге қалдыруға, тәртіп бұзушыларды сот залынан шығарып жіберуге құқылы. Осындай пәрменді шаралар қатысушылардың сабырға келіп, тәртіпке бағынуына көмектеседі.

Құқықтық сауаттың ғана емес, жауаптылығының төмендігінен сот шақыртуына назар аудармайтын, сот отырысына белгіленген күні келмейтін жандар да қоғамда аз емес. Заң талабы бойынша азаматтар сот отырысына келе алмайтын жағдайда дәлелді себептерін көрсетіп сот отырысы хатшысын хабардар етуі керек. Өйткені, бүгінгідей уақыттың бағасы артқан заманда бір адамның себепсіз келмеуі сот отырысының кейінге шегерілуіне, басқа қатысушылардың әуре-сарсаңға түсуіне алып келеді. Ал мұндай жағдайды болдырмас үшін жауапсыз жандардың тәртіптік жауаптылыққа тарту мәндетті. Сотты сыйламау, соттың сөзін тыңдамау арқылы мұндай азаматтар елді сыйламай отырғанын, сәйкесінше мемлекетке құрметсіздік танытқанын түсінуі керек.

Сотқа дәлелді себепсіз келмеген, төрағалық етушiнiң өкiмiне бағынбаған, сондай-ақ, сотты құрметтемегендерге Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 653-бабымен жауаптылық белгіленеді. Осылайша құқық бұзушыға ескерту жасау, жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салу немесе бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазалалары қолданылады.

Гульжан Имансерикова,

Алматы қаласы Әуезов аудандық №2 сотының судьясы

Интернет алаяқтарынан сақ болыңыз

Алаяқтық дегеніміз- бағзы заманнан бері адамзат баласымен бірге жасап...

Сот төрелігінің үнсіз қаһарманы: Сот отырысының хатшысы

Қоғамда әділдіктің темірқазығы саналатын сот жүйесінің әрбір мүшесі өз...

Талап болса, тіл тұғыры биіктейді

Қазақ тілі – қазақтың жаны, халықтың ең қадірлісі. Тілді...

Эксаумақтық соттылық және оның процестік ерекшелігі

Мемлекет басшысының «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен...

Қазақ тілінің бүгінгі тағдырына біз жауаптымыз

«Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан...