Теолог жаза өтеушілерге тұрақты түрде дәріс жүргізуде

«Ақниет ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығы» қоғамдық қорының филиалы өңірімізде өз жұмысын тұрақты түрде жүргізуде. Білікті мамандарды жұмыспен қамтып отырған аталмыш қордың жұмысы қазіргі таңда өз жемісін беруде. Осы орайда қордың Қызылорда облысы бойынша жетекшісі Ислам Каюпов «Рамазан айы» басталған уақыттан бастап жазасын өтеуші азаматтарға «Рамазан айы — құран айы» тақырыбы аясында араб тілінде құранды мәнерлеп оқу үшін таджуит ережелерін түсіндірді. Қысқа уақытта өзінің алғырлығымен «Құран кәрімді» мәнерлеп, араб тілінде оқуды үйренген жазасын өтеуші екі азамат қор жетекшісі атынан «Құран» кітапқа ие болды.

Осы ретте жаза мерзімін өтеуші азаматтар «Ақниет ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығы» қоғамдық қорының жетекшісі Ислам Каюповқа және ҚАЖ департаментіне қарасты №60 мекемесінің инспектор теологытарына, осы шараны ұйымдастыруға себепкер болған мекеме басшылығына өз ризашылықтарын білдірді.

Адина Жомартқызы
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД №60 мекемесі

Диагностиканың жаңа деңгейі: Қонаевта бактериологиялық зертхана ашылды

Қонаев қаласының көпсалалы ауруханасында заманауи бактериологиялық зертхана өз жұмысын...

Новый уровень диагностики: в Конаеве открылась бактериологическая лаборатория

В Многопрофильной больнице города Қонаев начала работу современная бактериологическая...

Су қорының жері жекеменшікке берілмейді

         Алматы облысы жер ресурстарын басқару департаментінің жауапкер «AL-agro...

ПРЕЖДЕ ЧЕМ СКАЗАТЬ «ДА», НУЖЕН ЛИ БУДУЩИМ СУПРУГАМ «СЕМЕЙНЫЙ ПРАВОВОЙ МИНИМУМ»?

Семья начинается с чувств. Ответственность за семью должна начинаться...

Безопасность на дорогах — обязанность ответственных организаций

Специализированным межрайонным административным судом Туркестанской области рассмотрено дело, касающееся...