12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Эксаумақтық соттылықты қолдану – тараптардың міндеті емес, құқығы

Сот жұмысының басты тұтынушысы – халық. Сондықтан бұл саладағы реформалардың басында халықтың мүддесі тұрады. Сот жүйесінде қолға алынған бастамалардың, жаңа жобалардың, соны өзгерістердің мақсаты біреу: ол – азаматтардың құқығы мен бостандығын мәнсіз, сапалы қорғауға, жедел әрі қолжетімді қызмет көрсетуге, тараптардың уақыты мен қаржысын үнемдеп, әуре-сарсаңға салмауға бағытталған.

Осындай игі мақсатта қолданысқа енгізілген бастаманың бірі – эксаумақтық соттылық. Бұл жаңашылдық Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасында 2022 жылғы 1 тамызынан бастап көрініс тапқан. Жаңа өзгеріске сәйкес, тараптар өзара келісімге келе отырып, істі сот талқылауына дайындау сатысында осы істің аумақтық соттылығын өзгертуге, эксаумақтық соттылықты таңдауға мүмкіндік алып отыр.

Бұрыннан бері қалыптасқан ортақ тәртіпке сәйкес, Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің талаптарына сәйкес азаматтық істер аудандық (қалалық) және оларға теңестірілген соттарда қаралып, шешіледі. Сәйкесінше талап қою жауапкердің тұрғылықты жеріндегі соттың өндірісіне түседі. Ал жаңа толықтыруды негіз ете отырып, Азаматтық процестік кодекстің 32-бабында шарттық соттылық қарастырылған. Бұл тетік тараптарға өзара келісім бойынша істі сот талқылауына дайындау сатысында осы іс үшін, оның ішінде соттың іс жүргізуінде жатқан істер бойынша аумақтық соттылықты өзгерту, эксаумақтық соттылықты таңдау құқығын береді. Тек кодекстің 31-бабында белгіленген айрықша соттылықты тараптардың келісімімен өзгертуге болмайды.

Эксаумақтық соттылықты қолдану – тараптардың міндеті емес, құқығы. Судья азаматтық іс қозғағаннан кейін оны сот талқылауына дайындау туралы ұйғарым шығарған кезде онда тараптардың эксаумақтық соттылықты қолдану мүмкіндігін түсіндіреді. Ал тараптар болса өз құқықтарын пайдалана отырып, істі аумақтан тыс соттылықты қолдану туралы өтінішхат келтіре алады. Бұл өзгеріс өз кезегінде азаматтардың сотқа деген сенімін нығайтуға, артық әуреден құтылуына көмектеседі.

А.Шакуал,

Алматы қаласы

Медеу аудандық сотының судьясы

Тәуелсіз сот – құқықтық мемлекеттің конституциялық негізі

Тәуелсіз сот – құқықтық мемлекет қағидаттарының ажырамас бөлігі және...

Судья болу – мәртебелі міндет

Судья болу – мәртебелі міндет. Судьялықтан үміткерлерге қойылатын талаптың...

Сыбайлас жемқорлықтан ешбір ел сақтандырылмаған

Сыбайлас жемқорлық – әлем халықтарына ортақ кесел. Бұл індет...

Сот жүйесінің жаңашылдықтары

Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы құқықты және әлеуметтік мемлекет»...

«Сот төрелігінің маңызды бағытының бірі – бітімгершілік»

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының құқықтық саясатында сот жүктемесін азайту,...