Көлгінов Астанада жиналған жаңаөзендік жұмысшылар туралы пікір білдірді

Премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгінов үкімет отырысы кулуарында елордаға Жаңаөзеннен келген мұнайшылар төңірегіндегі жағдайға қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«ҚазМұнайГаз» еншілес компанияларының жағдайы туралы. Тендерлік процедуралар жүргізілгенін білесіздер, ал ұтылған компания, оның жұмысшылары қазір қайта қарау (тендер қорытындысын – еск.) мәселесін көтеріп жатыр. Бірақ бәрі заң аясында шешілуі керек. Қазір Энергетика министрлігі мен «ҚазМұнайГаз» өкілдері келіссөздер, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр», — деді Көлгінов.

Вице-премьердің айтуынша, бұл келіссөздер процесі және барлығы заң аясында шешілуі тиіс.

«Олар жеңілген компанияның тендерде жеңгенін қалайды. Бірақ бұл мүмкін емес. Біз мұны заң аясында жасауымыз керек. Тендерлік талаптар бар, не сотта, не заңды түрде бәрін қарастыру керек. Сондықтан жай ғана талап қою, кем дегенде, дұрыс емес. Біздің міндетіміз оларға бос жұмыс орындарын ұсыну. Мемлекеттік органдар осылай істеп жатыр», — деп қосты Көлгінов.

10 сәуірде жаңаөзендік жұмысшылардың Астанаға жиналғаны хабарланды. Энергетика министрлігінің ғимараты алдына адамдар жиналды, олардың саны 60-70-ке жуық.

АЛАШТАНУШЫ МӘМБЕТ ҚОЙГЕЛДИЕВ – 80 ЖАСТА

Абай университетінде тарихшы-ғалым, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының...

АҚШ-тан бекер қайтып келген жоқ»: танымал заңгер туралы тың дерекпен бөлісті

Белгілі заңгер әрі құқық қорғаушы Айгүл Орынбек «Нұр Отанның»...

Санжар Боқаев 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Алматының Алмалы аудандық сотында қоғам белсендісі Санжар Боқаевқа қатысты үкім жарияланды.

«Нұр Отанның» бұрынғы идеологы 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында Б., К. Н.-ға қатысты...

Цифровизация ювенального правосудия в Республике Казахстан: задачи и перспективы

Цифровизация ювенального правосудия в Республике Казахстан направлена на создание...