12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Сот бұйрығы тараптар үшін тиімді

Халықтың құқығы мен бостандығын жедел әрі сапалы қорғау мақсатында жыл сайын сот саласында түрлі реформалар қолға алынып, заңдар мен кодекстерге түрлі өзгерістер мен толықтырылып енгізіліп жатыр. Соның ішінде соңғы жылдары сот жүйесіне деген қарапайым халықтың сенімін арттыру үшін, әрі сот жүктемесін оңтайландыру мақсатында көптеген жұмыстар атқарылды. Жоғарғы Сот тарапынан тәжірибеге енгізілген «Сот төрелігінің жеті түйіні» жобасының да қоғамға әкелген игі жаңалығы аз емес.

Жеті басымдықтан тұратын бұл жоба өз кезегінде сот саласына үлкен серпін берді. Әсіресе, бүгінгідей ақпараттық заманда азаматтардың өз құқығын жедел, әуре-сарсаңсыз, барынша тиімді қорғауының негізін қалады. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту, төрелік, сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңында сот жүйесіндегі жаңа бастамалар заңдық тұрғыдан шешімін тапқан. Осы заңнамаға сәйкес, сот бұйрығын шығарудың тәртібі реттелді.

Сот бұйрығы – халықтың талап-тілегі мен ұсынысын ескере отырып қолданысқа енгізілген жаңашылдықтың бірі. Бұйрық арқылы іс жүргізу жеңілдетілген сот өндірісіне жатады. Істі сот бұйрығын шығару арқылы шешу азаматтардың қаражаты мен уақытын үнемдеуде өте пайдалы.  Себебі сот бұйрығын шығару барысында жауапкер және талап қоюшы сотқа шақырылмайды, сот талқылауы болмайды. Яғни, сот бұйрығы даусыз талаптар бойынша жауапкерден ақшаны өндіріп алу немесе жылжымалы мүлікті талап ету туралы талап қоюшының арызы бойынша, сондай-ақ заңда белгіленген немесе шартта көзделген жағдайларда дауды сотқа дейін реттеу тәртібімен жасалған келісімдерді орындау туралы талап қоюшының арызы бойынша электрондық нысанда шығарылатын сот актісі болып табылады.

Сот бұйрығын шығаруда ғана емес, оны дайындауда да өзгешелік барын айта кеткеніміз жөн. Өйткені сот бұйрығы мазмұны бойынша сот шешіміне қарағанда айтарлықтай қысқа. Онда сипаттау және дәлелдеу бөлігі жазылмайды. Даусыз талап түскеннен бастап үш жұмыс күні ішінде судья сот бұйрығын шығарады. Осының өзі бұл жеңілдетілген сот өндірісінің тараптарға уақыт жағынан да ұтымды болатынын дәлелдесе керек.

Сот бұйрығы шыққаннан кейін келесі күні жауапкерге тапсырылуы тиіс.  Сәйкесінше, сот актісінің орындалуы да тез. Егер белгіленген мерзімде судья шығарған сот бұйрығына жауапкерден қарсылық түспесе, сот бұйрығы жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына орындауға жібереді. Ал егер жауапкер Азаматтық процестік кодекстің 142-бабына сәйкес, талапқа қарсылық білдірсе, судья сот бұйрығының күшін жойып, істі жалпы тәртіпте қарайды.

Н.Серикова,

Алматы қаласы

Медеу аудандық сотының судьясы

Интернет алаяқтарынан сақ болыңыз

Алаяқтық дегеніміз- бағзы заманнан бері адамзат баласымен бірге жасап...

Сот төрелігінің үнсіз қаһарманы: Сот отырысының хатшысы

Қоғамда әділдіктің темірқазығы саналатын сот жүйесінің әрбір мүшесі өз...

Талап болса, тіл тұғыры биіктейді

Қазақ тілі – қазақтың жаны, халықтың ең қадірлісі. Тілді...

Эксаумақтық соттылық және оның процестік ерекшелігі

Мемлекет басшысының «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен...

Қазақ тілінің бүгінгі тағдырына біз жауаптымыз

«Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан...