12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Құқық бұзушылықты алдын алу – басты міндет

        Құқық бұзушылық – қоғамға зиян келтіретін  және заң бойынша жазаланатын қоғамға қарсы әрекет. Құқық бұзушылық: азаматтақ (жеке басқа, азаматтың немесе заңды тұлғаның мүлкіне зиян келтіру, азаматтың абыройы мен  қадір-қасиетін қаралайтын мәліметтерді тарқату және т.б.) әкімшілік (ұзақ бұзақылық жол ережесі тәртібін бұзу), тәртіптік (жұмыстан кешігу, жұмысқа бармау және т.б) теріс қылық және т.т. Құқық бұзушылықтың барынша қауіпті түрі  қылмыс болып табылады.

        Құқық бұзушылықтар үшін  заңмен  тиісінше әкімшілік, азаматтық, құқықтық, тәртіптік  және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

        Қазақсан Республикасының «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Заңы  Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының және азаматтарының құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі қызметінің  құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық негіздерін айқындайды. Заңның 9-бабында Әділет органдарының құзыретіне мемлекеттік органдардың құқықтық насихат жөніндегі қызметін үйлестіреді деп көрсетілген.

        Құқық бұзушылық профилактикасы – құқық бұзушылық жасауға итермелейтін  себептер мен жағдайларды анықтау, зерделеу, жою арқылы құқықтық тәртіпті сақтауға және күшейтуге бағытталған, құқық бұзушылық профилактикасының субъектілері жүзеге асыратын құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық шаралар кешені.

     Құқық бұзушылық профилактикасының принциптері:

1.Адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау  және сақтау;

2.Заңдылық;

3.Жариялылық;

4.Құқықтар мен міндеттердің бірлігі;

5.Ізгілік;

6.Жеке өмірге қол сұғылмаушылық;

7. Құқық бұзушылық профилактикасында алдын алу шараларының жазалау шараларынан басымдығы;

8.Кешенділік және жүйелілік принциптеріне негізделеді.

           Құқық бұзушылықты алдын алу – басты міндетіміз.

                                                                      М.Ахатанов, ТО Әділет департаментінің

                                                                      әкімшілік-құқықтық бөлімінің басшысы 

Интернет алаяқтарынан сақ болыңыз

Алаяқтық дегеніміз- бағзы заманнан бері адамзат баласымен бірге жасап...

Сот төрелігінің үнсіз қаһарманы: Сот отырысының хатшысы

Қоғамда әділдіктің темірқазығы саналатын сот жүйесінің әрбір мүшесі өз...

Талап болса, тіл тұғыры биіктейді

Қазақ тілі – қазақтың жаны, халықтың ең қадірлісі. Тілді...

Эксаумақтық соттылық және оның процестік ерекшелігі

Мемлекет басшысының «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен...

Қазақ тілінің бүгінгі тағдырына біз жауаптымыз

«Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан...