8 наурызда кімдерге 1 миллион теңге көмек беріледі?

Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi мәліметінше, 21 атаулы және мереке күндерiнде әкiмдiктер мұқтаж қазақстандықтарға әлеуметтiк көмек көрсетедi. Бұл ретте олардың тізбесі, сондай-ақ өңірлердегі төлемдер мөлшері әртүрлі және нақты әкімшілік-аумақтық бірлік бюджетінің мүмкіндіктеріне байланысты болады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Tengrinews.kz ресми сауалына келген жауапта, республикалық маңызы бар қалалар, астана, аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдіктері мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындайды, әлеуметтік көмек, оның ішінде тиісті бюджет қаражатынан төленетін атаулы күндер мен мереке күндеріне арналған мөлшерлемені белгілейтіні айтылған.

«Әлеуметтік көмек алушылардың өтініштерін талап етпей, уәкілетті орган немесе өзге де ұйымдар ұсынысы бойынша жергілікті атқарушы орган бекіткен тізбе бойынша көрсетіледі», — деді министрлік өкілдері.

Алматы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы өз кезегінде Халықаралық әйелдер күніне орай мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған көп балалы отбасыларға тұрғын үй сатып алу үшін бір миллион теңге мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілетінін хабарлады.

Алматы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мәліметінше, осы санаттағы тұрғындарға мұндай ақшалай төлем басқа мереке күндері де беріледі, мысалы:

1) Жаңа жыл – 1-2 қаңтар;

2) Наурыз мейрамы – 21-23 наурыз;

3) Қазақстан халқының бірлігі мерекесі – 1 мамыр;

4) Астана күні – 6 шілде;

5) Конституция күні – 30 тамыз;

6) Республика күні – 25 қазан;

7) Тәуелсіздік күні – 16 желтоқсан.

Бізге келіп түскен жауаптағы мәлімет бойынша, әлеуметтік көмектің бұл түрін көрсетумен Алматы қалалық инфрақұрылымды дамыту басқармасы айналысады.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың қарсылығынан кейін Құрылтай депутаттары мемлекеттік наградалар туралы заңды қайта қарады 

Депутаттар Президенттің ұсынысын қолдап, мемлекеттік наградалар туралы заңның жекелеген нормаларын жаңа редакцияда қабылдады.

Қарапайым суық тиюге ұқсайды: Дәрігерлер қауіпті инфекцияның таралып жатқанын айтты 

Инфекциясы бастапқыда суық тиюге ұқсап, кейін ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін.

Елімізде 870 мың адам баспана күтіп жүр. Биыл қанша үй салынады?

Қазақстанда тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың саны 870 мыңға жетті. Бұл туралы құрылыс және өнеркәсіп министрі Ерсайын Нағаспаев үкіметтегі брифиңде айтты.

Қазақстанның АҚШ-қа экспорты күрт өсті 

2026 жылдың алғашқы тоғыз айында Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 2,89 млрд долларға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,4%-ға көп.

Қазақстанда ҰБТ форматы өзгереді: Талапкерлерді қандай жаңалық күтіп тұр 

Қазақстанда жоғары оқу орындарына түсу емтиханының жаңа форматы әзірленіп жатыр. Ол талапкерлердің пәндік білімін ғана емес, сыни ойлауын, цифрлық сауаттылығын, жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдыларын және ақпаратты талдау қабілетін бағалауға мүмкіндік береді.