8 наурыз мерекесінің тарихы қандай?

8 наурыз — Халықаралық әйелдер күні. Бұл күн қазақтар есінде тек Клара Цеткинмен емес, сонымен қатар, еркіндік, білім алу мүмкіндігі мен олардың құқығы үшін күрескен әйелдермен де қалуы керек, — деп жазады  Massaget.kz . 

Бұдан 3 ғасыр бұрын, нақтырақ айтсақ, 1857 жылғы 8 наурызда Нью-Йоркте тігін және аяқкиім фабрикасының жұмысшы әйелдері наразылық шеруіне шықты. Олардың негізгі талабы: 10 сағаттық жұмыс күні, жарық әрі таза жұмыс орны, еңбек ақысының ер адамдар жалақысымен бірдей болуы. Бұған дейін олар 16 сағаттан жұмыс істеп, өте аз жалақы алуға мәжбүр болды. Бұл уақытта Америкада дәл сол күні құрамында тек әйелдер бар одақ құрылады. 

Getty Images

Араға бірнеше жыл салып, 1910 жылы Дания астанасы Копенгагенде жұмысшы әйелдердің қатысуымен 2-халықаралық конференция өтеді. Социал-демократ партиясының әйелдер тобының көшбасшысы Клара Цеткин «Халықаралық әйелдер күнін» бекіту керегін алға тартады. Алғаш рет бұл мереке 1911 жылғы 19 наурызда Австрия, Дания, Германия және Швейцария елдерінде атап өтілді. Бір жылдан кейін ол 12 мамырда тойланды. 

Кеңес Одағы құрылған жылдан бастап 8 наурыз мемлекеттік мейрам мәртебесіне ие болды. 1965 жылы бұл күн демалыс болып жарияланды. Араға 10 жыл салып, 1975 жылы кеңес идеологтарының ықпалымен ресми түрде 8 наурыз — Халықаралық Әйелдер күні болып жарияланды. 

Қазақ даласында әйелдер құқығы мен еркіндігі, олардың сауат ашуы мен ескі-құсқы салтпен күрескен қыз көп болды. Олардың қатарында Нәзипа Құлжанова, Нағима Арықова, Сара Есова, Ғанижамал Дулатова, Аққағаз Досжанова, Гүлайым Байгурина, Мәриям Сейдалықызы, Күләйім Өтегенқызы, Сақыпжамал Тілеубайқызы, Нұржамал Саналиева, Мәриям Хәкімжанова сынды мықты әйелдер бар. 

Атыраудағы қанды қылмыс: Қайынжұртын өлтірген Сәрсемәлиев өмір бойына сотталды 

Сот оны төрт адамды өлтірумен қатар алаяқтық, мал ұрлау, құжаттарды заңсыз иелену және жасыру баптары бойынша да кінәлі деп таныды.

Еурокомиссия балалардың әлеуметтік желілерге қолжетімділігін шектемек

Еуроодақ елдеріне 13 жастан асқан жасөспірімдер үшін де қосымша жас шектеулерін енгізуге мүмкіндік беру ұсынылды.

Спад жары: какой будет погода в Казахстане 14 июля

После изнурительной жары северные региона Казахстана ждет передышка – там прогнозируются дожди с грозами. Жара по-прежнему сохранится в южных регионах.

114 мың қазақстандыққа мобильді аударымдарға қатысты ескерту жіберілді

Мемлекеттік кірістер комитеті күмәнді ақша аударымдары анықталған азаматтарға хабарлама жолдады.