Отан алдындағы борыштарын абыроймен атқарып шыққан 6699 әскери бөлімінің сарбаздарымен Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарында әрмен қарай отан алдында қызметтерін жалғастыру мақсатында №17 мекеме қызметкерлері үгіт насихат жұмыстарын жүргізді.
Нақтылап айтсақ, бүгінгі таңда сарбаздарға жоғарғы оқу орындарына түсуге, Ішкі істер органдарына жұмысқа орналасуға мүмкіндіктерінің жоғары екендігін және арнайы жеңілдіктердің бар екендігі жеткізілді.
“Қазақстан Республикасының Қылмыстық атқару жүйесінде қызмет атқаратын қызметкерлердің зейнеткерлікке ерте шығатындығын ескерсек және жалақының жыл сайын өсуін бақылайтын болсақ, оған қоса жалға алған пәтердің ақшасын төйлейтінін ескере отырып, қылмыстық атқару жүйесіне қызмет етуге шақырды” №17 мекемесінің тәрбие және кадр бөлімінің бастығы Азамат Сакенов.
Ал жоғарғы білім аламын деген азаматтарға ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясына оқуға түсуге мүмкіндіктері бар екендігі айтылды. Ішінара қызығушылық танытқан сарбаздармен ақпарат алмасып, хабарласу үшін телефон нөмірлері ұсынылды.
Іс-шара соңында сарбаздарды құттықтап, №17 мекеме бастығының алғыс хаттары табысталды.


