6 тамыздағы жарыс кестесі. Бүгін кімдерден жүлде күтеміз?

Tengri Sport сейсенбі, 6 тамызда Парижде өтіп жатқан жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы спортшыларының жарысқа қатысу бағдарламасын дайындады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

13:30 Ескек есу, спринт, каноэде, 500 метр, ерлер арасында біліктілік. Сергей Емельянов пен Тимур Хайдаров қатысады.

13:50 Жеңіл атлетика, 110 метрге кедергілермен жүгіру, ерлер арасындағы жұбаныш раунд. Давид Ефремов қатысады.

14:00 Ескек есу спринт, каноэде, 500 метр, әйелдер арасындағы біліктілік. Мария Бровкова мен Руфина Ысқақова қатысады.

14:00 грек-рим күресі 77 келіде, ерлер арасындағы финалдың 1/8 бөлігі. Демеу Жадраев пен Jair Alexis Cuero Munoz (Колумбия) бақ сынасады.

14:30 ескек есу спринт, байдарка, 500 метр, ерлер арасындағы біліктілік. Сергей Токарницкий мен Раматулла Бекарыс қатысады.

16:00 жылдамдыққа спорттық жартасқа өрмелеу, ерлер арасындағы біліктілік. Әмір Баймұратов қатысады.

00:14 (7 тамыз) жеңіл атлетика, 3000 метр — кедергілермен жүгіру, әйелдер арасындағы финал. Қазақстан атынан Нора Джеруто қатысады.

01:02 (7 тамыз) бокс, әйелдер арасында салмағы 50 келіге дейінгі жартылай финал. Назым Қызайбай мен Wu Yu (Қытай) жұдырықтасады.

Тоқаев: Цифрландыру және жасанды интеллектіні дамыту – бүгінгі күннің талабы 

Мемлекет басшысы цифрландыру және жасанды интеллектіні дамыту – бүгінгі күннің талабы екенін айтты.

Қорғаныс министрі қаза тапқан әскери қызметшілердің туыстарымен кездесті 

Қорғаныс министрі қаза тапқан және зардап шеккен әскери қызметшілердің туыстарымен кездесті.

Елімізде 1 қаңтардан бастап кімдердің жалақысы 40%-ға дейін көтеріледі 

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап учаскелік дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің жалақысын 40%-ға дейін көтеру жоспарланып отыр.

ЖОО-дағы оқу мерзімі қысқарады. Кімдер университетті 3 жылда аяқтай алады?

Қазақстанда жоғары оқу орындарына бакалавриат бағдарламаларын үш жылда аяқтауға заң жүзінде мүмкіндік берілген. Алайда бұл барлық мамандыққа қатысты емес, ал оқу мерзімі қысқарғанымен, білім беру бағдарламасының көлемі азаймайды.

Германия тарихында алғаш рет әйел адам президент болуы мүмкін 

Германияда әйелді алғаш рет президенттік лауазымға кандидат ретінде қарастырып жатыр.