Астанада жарылыс болды

Қазіргі болжам бойынша газ баллоны жарылған.

Елордада құрылыс аумағындағы асхана ретінде жабдықталған контейнер өртенді. Онда газ баллоны жарылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«1 желтоқсан күні сағат 22:14-те елорданың ТЖД Өрт сөндіру бөлімшесіне А.Байтұрсынов көшесіндегі 43/2-үйде өрт шыққаны туралы хабар келіп түсті. Өрт сөндірушілер 5 минуттан кейін сонда жетті. Олар жаңа құрылыс аумағында шамамен 150 шаршы метр аумақта асхана ретінде жабдықталған контейнер жанып жатқанын анықтады. Сондай-ақ, асхана жанындағы ағаш құрылғылар да өртене бастаған», делінген хабарламада.

Қазіргі болжам бойынша газ баллоны жарылған. Өрт сөндірушілер асханадан 4 газ баллонын алып шықты. Өрт сағат 22.36-да ауыздықталып, сағат 22-50-де толық сөндірілді. Қазір мамандар өрттің шығу себебі анықтауға кірісті. Өртті сөндіруге 4 техника және жеке құрамнан 23 адам жұмыс істеді.

Аллея генералов

В АЛМАТИНСКОЙ АКАДЕМИИ МВД РК ИМ. МАКАНА ЕСБУЛАТОВА СОСТОЯЛОСЬ...

Циркулярная экономика и научный анализ

КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМ. АЛЬ-ФАРАБИ ОРГАНИЗОВАЛ МЕЖДУНАРОДНУЮ НАУЧНО-ПРАКТИЧЕСКУЮ КОНФЕРЕНЦИЮ...

Бизнес как основа национальной безопасности

СЕГОДНЯ ПРЕДПРИНИМАТЕЛЬСТВО – ГЛАВНАЯ ДВИЖУЩАЯ СИЛА, ОБЕСПЕЧИВАЮЩАЯ СОЦИАЛЬНОЕ БЛАГОПОЛУЧИЕ...

От ориентиров – к действиям

В ПОСЛАНИИ НАРОДУ КАЗАХСТАНА «АКТУАЛЬНЫЕ ЗАДАЧИ КАЗАХСТАНА В НОВОМ...

 Родом из бүркітші

ДЕНЬ РЕСПУБЛИКИ ДЛЯ КАЖДОГО ИЗ НАС АССОЦИИРУЕТСЯ С ПРАЗДНИКОМ,...