12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

«5 мың ағаш кесілді». Алматыда заңсыз ағаш кесуден келген шығын есептеледі

Алматы қаласында Жасыл экономика басқармасының рұқсатынсыз Бостандық ауданы мен Іле-Алатау паркінің шекарасында ағаштарды заңсыз кесілген. Мамандар кесілген ағаштардың саны мен тұқымдық құрамын анықтап, келген залал құнын есептейді. Экобелсенді Тимур Елеусізов 5 мыңнан аса ағаш оталғанын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ағаштарды кесіп жатқан видеоны Kaz Eco Patrol негізін қалаушы Тимур Елеусізов парақшасында жариялады. Видеода экобелсенді ағаштардың орнын көрсетіп, жағдайды айтып бері.

«Бостандық ауданы мен Іле-Алатау паркінің шекарасында ағаштар кесілді. Мұнда «Қазселденқорғау» ТЖ-мен бірлесіп селден қорғау бөгетін салады. Жасыл желектерді кесуге рұқсат берілмеген. Шамамен есептеуім бойынша 5 мыңнан аса ағаш кесілген. Бұл үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту қажет», — деді Тимур Елеусізов.

Жасыл экономика басқармасы Tengrinews.kz тілшісіне берген жауабында учаскеде жасыл желектің кесілгенін растады. Сондай-ақ, бұл жерде Бостандық ауданындағы Ақсай өзенінің сағасынан төмен Үлкен Алматы өзенінің жоғарғы ағысында сел ұстайтын бөгет салынып жатқанын хабарлады.

«Шынында да учаскеде ағаш кесу жұмыстары жүргізілді. Басқарма бұл мекенжайда жасыл желектерді кесуге рұқсат берген жоқ. Ағаштардың саны, тұқымдық құрамы, келтірілген залалды анықтау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Нәтижесін кейінірек хабарлаймыз», — деп хабарлады басқарма қызметкері.

Төтенше жағдайлар министрлігі жергілікті жерде жүріп жатқан жұмыс туралы ақпарат беруге уәде берді.

Мост к зеленому будущему

В столице Казахстана стартовала работа первого экохаба, который обещает...

Татуластыру рәсімдері

Қоғамдық өмірде адамдар арасында түрлі дау-жанжалдар, түсінбеушіліктер мен қайшылықтарды...

170 дворов и общественных пространств благоустроят в Астане

Аким Астаны Женис Касымбек на своей странице в Instagram рассказал о...

Фактор стабилизации цен

Во исполнение поручений Главы государства вицепремьер – министр национальной...