12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

5 қыркүйек күні – Қазақстан халқының Тілдер күні

          Қазақстан Республикасы – көпэтносты, көптілді мемлекет. Ел аумағында 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері мекен етеді. Әрбір этностың ана тілі, мәдениеті мен дәстүрі – мемлекет тарапынан құрметке ие. Осы орайда, жыл сайын 5 қыркүйек күні – Қазақстан халқының Тілдер күні ретінде ресми түрде аталып өтіледі. 

            Аталған күннің дәл осы датаға сәйкес келуі де кездейсоқ емес. Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ тіл білімінің негізін қалаушы, реформатор, ағартушы ғалым. Оның туған күні – 5 қыркүйек. Ұлт ұстазының тіл саласындағы сіңірген еңбегі орасан зор. Ахмет Байтұрсынұлының “Қай ұлттың болса да жаны – сол ұлттың тілі” деген сөзі тілдің ұлттық болмыстағы орнын нақты сипаттайды. 

            Тілдер күнін атап өтудегі басты мақсат – мемлекеттік тіл – қазақ тілінің мәртебесін арттыру, қоғамда тіл мәдениетін қалыптастыру, сонымен қатар Қазақстан халқын бірлік пен ынтымаққа шақыру болып табылады. Сонымен қатар, еліміздегі өзге этностардың тілдерін дамытуға, олардың еркін қолданылуына да барлық жағдай жасалған. 

            Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, қазақ тілі – мемлекеттік тіл, ал орыс тілі – ресми түрде мемлекеттік органдарда қолданылатын тіл болып табылады. Мемлекет Қазақстан халқының барлық тілдерінің сақталуына, дамуына және өркендеуіне жағдай жасап келеді.      

            Қазіргі таңда білім беру ұйымдарында, мекемелерде, бұқаралық ақпарат құралдарында және мәдени ошақтарда Тілдер күніне орай түрлі іс-шаралар – ғылыми конференциялар, тіл фестивальдері, байқаулар, ашық сабақтар мен танымдық бағдарламалар ұйымдастырылуда. Бұл шаралар жас ұрпақтың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыруға, рухани бірегейлікті сақтауға ықпал етеді. 

            Қорытындылай келе, Тілдер күні – ел ішіндегі бейбітшілік пен татулықтың, мәдени әралуандық пен өзара құрметтің символы. Мемлекеттік тілді меңгеру – әрбір азаматтың азаматтық борышы. Сонымен қатар, еліміздегі әрбір тілге деген құрмет – біздің ортақ құндылығымыз.

          Тілдер күні құтты болсын! Мемлекеттік тіліміздің мәртебесі биіктей берсін!

                                                  Қызылорда қалалық сотының жетекші маманы  

                                                             Көркем Жамбылқызы Мұханбетқали

Архив туралы ереже

Қазақстан республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының 08.06.2023 жылғы 6001-23-7-4/129 өкімімен...

Цифрлық қала — бәрімізге ортақ іс: қазақстандықтар ақылды ортаны қалай қалыптастырады

Қазақстан «ақылды қалаларды» дамыту жолында сенімді қадамдар жасап келеді....

Бақытты ел – бақытты отбасыдан құралады

Биылғы 27 тамыз бен 10 қыркүйек аралығында Наурызбай ауданы аумағында отбасы құндылықтарын...

В Астане открылся первый зарубежный кампус Cardiff University 

Университет стал единственным представителем Russell Group в Центральной Азии. В...

КазНУ заключил два соглашения с Китаем

В рамках официального визита Президента Республики Казахстан Касым-Жомарта...