46 млрд теңге несие: Қазақстан жаңа қаржылық келісімге қол қойды

Қазақстан Халықаралық қайта құру және даму банкiнен (ХҚДБ) шамамен 46 миллиард теңге көлемінде қарыз алады. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында белгілі болды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильяновтың айтуынша, былтырғы желтоқсанда Қазақстан мен ХҚДБ арасында республиканың инклюзивті экономикасын жедел цифрландыру жобасы аясында қарыз алу туралы келісімге қол қойылған.

«Келісімнің мақсаты – Қазақстанның шалғай және жеткіліксіз қамтылған аудандарында тұратын ауыл тұрғындарын сапалы және тұрақты кеңжолақты байланыс инфрақұрылымымен қамтамасыз етуге бағытталған жобаны іске асыру үшін қарыз алу», – деп түсіндірді Сабильянов.


Мәжіліс кулуарында Tengrinews.kz тілшісі депутаттан нақты қандай сома туралы сөз болып отырғанын сұрады.

«Қазақстан мен Халықаралық қайта құру және даму банкі арасында 13 миллиард жапон иені мөлшерінде қарыз беру туралы келісімге қол қойылды. Бұл шамамен 46 миллиард теңге», – деп жауап берді Нұртай Сабильянов.
 

Қарыз мерзімі – 12 жыл. Бұған дейін айтылғандай, бұл қаражат шалғайдағы ауылдарға интернет тартуға бағытталмақ.

«Инфрақұрылымды қалпына келтіру үшін, халықтың ақпарат алуына, жақсы байланыс пен жылдам интернет болуына жағдай жасау үшін қажет», – деп қосты мәжілісмен.


21 мамырдағы мәлімет бойынша, жапон иенінің бағамы – 3,54 теңге. Халықаралық қайта құру және даму банкі (ХҚДБ) – Дүниежүзілік банктің негізгі несиелік ұйымы, БҰҰ-ның мамандандырылған мекемесі, 1944 жылы Халықаралық валюта қорымен бірге құрылған мемлекетаралық инвестициялық институт.

Қарапайым суық тиюге ұқсайды: Дәрігерлер қауіпті инфекцияның таралып жатқанын айтты 

Инфекциясы бастапқыда суық тиюге ұқсап, кейін ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін.

Елімізде 870 мың адам баспана күтіп жүр. Биыл қанша үй салынады?

Қазақстанда тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың саны 870 мыңға жетті. Бұл туралы құрылыс және өнеркәсіп министрі Ерсайын Нағаспаев үкіметтегі брифиңде айтты.

Қазақстанның АҚШ-қа экспорты күрт өсті 

2026 жылдың алғашқы тоғыз айында Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 2,89 млрд долларға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,4%-ға көп.

Қазақстанда ҰБТ форматы өзгереді: Талапкерлерді қандай жаңалық күтіп тұр 

Қазақстанда жоғары оқу орындарына түсу емтиханының жаңа форматы әзірленіп жатыр. Ол талапкерлердің пәндік білімін ғана емес, сыни ойлауын, цифрлық сауаттылығын, жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдыларын және ақпаратты талдау қабілетін бағалауға мүмкіндік береді.

Ипотека бағдарламалары. 2027 жылы қалай үй алуға болады?

Қазақстанда 2027 жылы жеңілдігі бар бірнеше ипотека бағдарламасы шығады. Бұлар: «7-20-25», «Наурыз», «Ұмай», өңірлік және әскери ипотека.