450 миллион теңге жымқырған Kcell-дің бұрынғы қаржы директорына қатысты тергеу аяқталды

Алматы қаласы бойынша ҚМА аумақтық департаменті 450 миллион теңге жымқырған «Kcell Solutions» ЖШС бұрынғы қаржы директорына қатысты тергеуді аяқтады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айта кетейік, сотталушы өз қылмысын 2018 жылдың ақпан айы мен 2021 жылдың сәуірі аралығында жүзеге асырған. Яғни осы аралықта 5 компанияның есеп шотына аудару арқылы 258 миллион теңге жымқырған. Агенттіктің дерегінше, экс-қаржы директоры олармен қызмет көрсетуге алдын ала келісімшарттар жасасқан. 

Одан бөлек, ол өзіне аванс ретінде 192 миллион теңгені заңсыз аударған. Тергеу барысында күдіктінің жымқырған қаражатты букмекерлік кеңселерге салып, ұтылғаны анықталды.

Оған 10 жыл көлемінде басшылық лауазымдарды атқару құқығынан, 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Әр адам өз сөзінің жауапкершілігін сезінуі керек

Сөз жәй ғана сөз емес, тәрбие құралы, сондықтан әр...

Тіл-халық қазынасы

Қазақ тілі қазақ халқының жан сезімін және рухани байлығын...

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ: СОТ ӘДІЛДІГІНІҢ САПАСЫН АЙҚЫНДАЙТЫН ФАКТОР

Құқықтық мемлекет құру жолында тіл мәселесі екінші кезектегі емес,...

18 наурыз – Ұлттық киім күні

18 наурыз – «Ұлттық киім» күніне орай «Ұлттық киім...