-40°C аяз: Қазақстанға арктикалық суық келе жатыр 

«Қазгидромет» синоптиктерінің болжамынша, 24-26 ақпан аралығында Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының күрт суытуы күтілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Арктикалық суық жақындап келеді

Болжамға сәйкес, Қазақстанның басым бөлігіне солтүстік-батыс суық антициклоны әсер етеді. Суық арктикалық массалардың келуімен температуралық фонның төмендеуі күтіледі.

Тек оңтүстік облыстарда жауын-шашын, кей уақыттарда негізінен жаңбыр түріндегі қатты жауын-шашын болжанады. Сондай-ақ жел күшейіп, көктайғақ пен тұман құбылыстары байқалады, — деп хабарлады синоптиктер.

Түнгі уақытта Қазақстанның батыс облыстарында ауа температурасы 15-25 аязды, елдің солтүстігінде, орталығында 28-37 аязға дейін, шығысында 32-40 аязға дейін, оңтүстік облыстарда 0-10 аяз болуы ықтимал.

Қазақ тілінде бір ауыз сөз айта алмау білімсіздіктің белгісіне айналды – Президент  

Ұлтты ұйыстырып, мемлекетіміздің іргесін бекемдейтін ең маңызды фактор – мемлекеттік тіл.

Қасым-Жомарт Тоқаев: Халық Кеңесі – Құрылтайға балама мекеме емес  

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өтіп жатқан Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқы...

Елордада Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқы сессиясы басталды 

Кеңес құрамына этномәдени бірлестіктер, қоғамдық ұйымдар, мәслихаттар мен қоғамдық кеңестерден 126 өкіл кірді.

Мектеп сөмкесі баланың салмағының 10 пайызынан аспауы керек – маман 

Ал кітаптар мен оқу құралдары салынған сөмкенің салмағы баланың дене салмағының 10 пайызынан аспағаны жөн.