4 пайыздық автонесиеге өтініш қабылдау қашан басталатыны белгілі болды

Банктер 16 мамырдан бастап жеңілдетілген автонесиеге өтініш қабылдай бастайды. Бұл туралы премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Көлік жасаушылардың халықаралық форум кулуарында Скляр банктер корпоративтік рәсімдерді жүргізіп жатқанын хабарлады.

«Өнеркәсіпті дамыту қоры олармен қажет келісімдерді жасады. Олар өз рәсімдерін өткізіп, дүйсенбіден бастап несие бере бастайды», — деді Скляр.

Премьер-министрдің бірінші орынбасары екінші деңгейдегі бес банк несиелендірумен айналысатынын айтты.

«Қателеспесем, бұрын кредит берген екінші деңгейдегі бес банк. Кредит беру бағдарламасы қазір де барын атап өткім келеді. Револьверлік негізде қазір де айналымда 88 миллиард теңге бар. Бұл бағдарлама кейінгі бес жылдан бері бар, біз тағы да 100 миллиард теңге қосып отырмыз, олар ӨКМ-нен өтеді», — деді Роман Скляр.

Сот отырысында тәртіп сақтау баршаға міндет

Сот отырысына қатысудың тәртiбі заңмен бекітілген. Сондықтан, сот залындағы...

Жаңа Конституция

Конституция – кез келген тәуелсіз мемлекеттің ең басты, ең...

Мемлекеттік тіл және құқықтық мемлекет қағидаты

Мемлекеттік тіл – мемлекеттің егемендігі мен ұлттық бірегейлігінің маңызды...

Қазақстан Республикасындағы сот билігінің конституциялық мәртебесі

Қазақстан Республикасында сот билігі – мемлекеттік биліктің дербес тармағы...