4 000 000 теңгеден астам шығын келтірген бақташы анықталды

Қазығұрт аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын шағымданды. Ер адамның айтуынша, ол 7 бас сиыры мен 6 бас жылқысын өзінің бақташысына сеніп тапсырған. Алайда, сеніп тапсырған мүлкінің жоқ екендігін айтып, оқиғаның мән-жайын анықтау үшін полиция қызметкерлерінен көмек сұраған. Жәбірленушіге келген шығын көлемі 4 000 000 теңгеден астам. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 189-бабы «Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу» бойынша тіркеуге алды.
Полиция қызметкерлері аталмыш қылмысты толық анықтау үшін бірден іске кірісті. Олардың жүргізген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде, қылмысқа қатысы бар күдікті анықталды. Ол бұрын да сотты болған жергілікті тұрғын болып шықты.
Тексеру кезінде күдікті ер адамның 2 жылдан бері жәбірленушінің бақташысы болып жұмыс істегені белгілі болды. Ол сеніп тапсырған 10-нан астам сиыр мен жылқыны сатып, ақшасын жаратып жіберген. Қазіргі таңда оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға мүлкіңізді бақташыға сеніп тапсырардан бұрын, оның сенімді адам екендігіне толық көз жеткізуге кеңес береді. Сонымен қатар малдарыңызды таңбалап, үш жақты келісім шарт жасауды еске салады.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Министерство обороны проведет конкурс по организации питания военнослужащих

Министерство обороны проведет конкурс по организации питания военнослужащих  Министерство обороны...

Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерді тамақтандыруды ұйымдастыру жөнінде конкурс өткізеді

Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерді тамақтандыруды ұйымдастыру жөнінде конкурс өткізеді Қорғаныс...

Денежное взыскание

Одним из новшеств АППК является мера процессуального принуждения в...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ 10 000 СТУДЕНТ ҚАТЫСҚАН «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АПТАЛЫҒЫ АЯҚТАЛДЫ

Абай университетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен бекітілген «Таза...