-38 градус аяз: Қазақстанның 16 облысында дауылды ескерту жасалды

Елдің басым бөлігінде ауа райы күрт суытты. Аязға байланысты бірқатар өңірде мектептер қашықтан оқып жатыр. Сондай-ақ тас жолдар жабылды. Қазгидромет дауылды ескерту жасады,- деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматы облысы

24 қаңтарда түнде Алматы облысының солтүстігінде, таулы аудандарында -31 градустық қатты аяз күтіледі. Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман күтіледі.

Ұлытау облысы

24 қаңтарда Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда тұман күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Қарағанды облысы

24 қаңтарда Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда тұман күтіледі. Түнде облыстың басым бөлігінде 35-38 градус қатты аяз күтіледі.

Жетісу облысы

24-25 қаңтарда түнде Жетісу облысының солтүстігінде, таулы аудандарында 30-33 градус қатты аяз күтіледі.

Батыс Қазақстан облысы

24 қаңтарда күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Атырау облысы

24 қаңтарда Атырау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Атырау қ: 24 қаңтарда оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысы

24 қаңтарда түнде Шығыс Қазақстан облысынның солтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысы

24 қаңтарда күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 25 м/с.

Абай облысы

24 қаңтарда түнде Абай облысының солтүстігінде аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с.

Ақтөбе облысы

24 қаңтарда Ақтөбе облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, орталығында екпіні 15-20 м/с.

Қызылорда облысы

24 қаңтарда Қызылорда облысында жел шығыстан соғады, таңертең және күндіз облыстың орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Маңғыстау облысы

24 қаңтарда Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20, түнде кей уақыттарда 23 м/с күтіледі. Ақтау қ.: 24 қаңтарда оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Түркістан облысы

24 қаңтарда Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аудандарында жаяу бұрқасын, оңтүстігінде тұман күтіледі. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с.

Жамбыл облысы

24 қаңтарда түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіеді. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.

Қостанай облысы

24 қаңтарда Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде 15-20 м/с күтіледі.

Ақмола облысы

24 қаңтарда күндіз Ақмола облысының солтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Грантқа құжат қабылдау басталды: Шекті баллдар қандай? 

Қабылдау науқаны аясында ауыл жастары мен әлеуметтік осал топтарға арналған мемлекеттік квоталар қарастырылған.

Қазақстанда жан басына шаққандағы орташа табыс 252 мың теңгеден асты 

Министрлік мұндай нәтижеге инфляцияның біртіндеп баяулауы ықпал еткенін атап өтті.

Қазақстанда алғаш рет «Құрметті донор» төсбелгісі тағайындалды 

Алғашқы болып бұл марапатқа бекітілген талаптарға толық сәйкес келетін 481 тұрақты донор ие болады.

Из плоскости кулуарных домыслов в строго правовое русло

КОНСТИТУЦИОННЫЙ СУД РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН ПОСТАВИЛ ТОЧКУ В ВОПРОСЕ ПРИМЕНЕНИЯ ОТДЕЛЬНЫХ НОРМ НОВОЙ КОНСТИТУЦИИ К ЛИЦАМ, ЗАНИМАВШИМ ВЫСШИЕ ГОСУДАРСТВЕННЫЕ ДОЛЖНОСТИ ДО КОНСТИТУЦИОННОЙ РЕФОРМЫ. ОФИЦИАЛЬНОЕ ТОЛКОВАНИЕ ОПРЕДЕЛИЛО, КАК БУДУТ ПРИМЕНЯТЬСЯ ОГРАНИЧЕНИЯ ПРИ ИХ ПОВТОРНОМ ИЗБРАНИИ ИЛИ НАЗНАЧЕНИИ ПОСЛЕ ВСТУПЛЕНИЯ В СИЛУ ОСНОВНОГО ЗАКОНА 2026 ГОДА.