12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Карантинде дауды медиация арқылы шешкен тиімді

Әлемді жайлаған коронавирус пандемиясына орай жарияланған карантин кезінде соттарға талап арыздар мен өтінішхаттардың жолдануын тоқтата тұру туралы Судьялар корпусының хабарламалары мен түсіндірмелеріне қарамастан «сот кабинеті» арқылы келіп түсетін істердің қатары азаймай тұр. Ол аздай карантин кезінде тиісті орындардың тұрғындарды барынша тәртіпке шақырғанына қарамастан, төтенше жағдай режимін бұзуға тырысып, жағдайды ушықтыратындардың саны да азаяр емес. Сондықтан төтенше жағдай кезінде судьялардың жүктемелері де азамай отыр. Бүгінгі күні еліміздегі судьялардың тәулігіне 2000-ға жуық істі онлайн қарап жатқаны белгілі болып отыр.

Яғни осындай қысылтаяң шақта, дәрігерлер мен құқық қорғау орындары қызметкерлерінің қызметіне қоса сот саласы мамандарының да маңыздылығы артып отыр. Осы ретте судьялардың 70% қашықтықтан жұмыс істеуге көшсе де, толыққанды сот төрелігін жүзеге асыруды жалғастырып жатқандығын атап өтуге болады. Бүгінде Республика соттары толығымен техникалық жағынан жарақтандырылып, істерді «TrueConf», Zoom, Skype, WhatsApp және басқа да байланыс құралдарының көмегімен онлайн-режимде бейнебайланыс арқылы іске қатысатын адамдардың пікірін ескере отырып, тәртіп бұзушылықтарды қарауды қамтамасыз етуде. Өкінішке орай, қоғамда «дау тек сот арқылы шешіледі» деген көзқарас қалыптасқан. Түсініспестік туындаса болды, дереу сотқа жүгінеді.

Осы орайда Жоғары Сот халықтан барынша істерді сотқа жеткізбей шешуді өтініп отыр. Өйткені сот – үлкен шығын. Мемлекеттік баж төлейді, сотқа бару жол шығын бар, адвокат жалдау қажет дегендей. Ал дамыған елдерде дауды шешу уақыты бізден де ұзақ, сот шығыны да қымбат. Сондықтан олар сотқа барарда жүз ойланып, мың толғанады. Мүмкіндігінше істі сотқа жеткізбей шешуге тырысады. Халқымызда «Дау мұраты — бітім» деген сөз тегін айтылмаған. Осы орайда тараптарды өзара бітімге келіп, дауды ушықтай шешсе нұр үстіне нұр болар еді. Әсіресе төтенше жағдай кезінде сотқа келіп, өзінің де, өзгенің де өміріне қауіп төндіргеннен гөрі, сот мәселесін шешуде медиатордың көмегіне жүгіну істі әлдеқайда жеңілдетеді.

Рас, салыстырмалы түрде алғанда дауларды балама тәсілдермен шешуде медиация жиі қолдануда. Алайда әлемнің дамыған елдерінің тәжірибесі негізінде азаматтар арасындағы даулар сотқа дейін медиация жолымен шешудің көрсеткішін әлі де арттыру қажеттілігі сезіледі. Сондықтан дауды ушықтыруды емес, медиация арқылы тезірек шешуге тырысыңыз.

Тілеумбетов Дамир, Алматы қаласы Бостандық ауданы №2 сотының жетекші маманы

Кеңседегі іс жүргізу мәселелері

 Кеңсе жұмысы әртүрлі бағытта жұмыс жасайды. Бүгінде бұл бағытта...

Дау шешудің дара жолы

Өз заманында Төле, Қазыбек,  Əйтеке сынды кемеңгер билеріміз бірігіп,...

Неке-отбасылық қатынастары, даулары

Қазақстан Республикасының Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Кодексіне (әрі...

       Соттағы болып жатқан жаңашылдықтар(сот кабинеті, Е-өтініш,электоронды қылмыстық істер)

 Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотын электрондық жазбаны мейлінше...

          Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс -қимыл

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлық мәселесі негізгі проблемалармен...