12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

330 миллион теңге ұрланған және 10 қылмыстық іс: Алматы мектептерін тексеру қорытындысы

Прокурорлар алматылық балалардың қауіпсіздігін тексерді. Тексеру барысында бес мыңнан аса заңбұзушылық анықталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жүргізілген тексерулер балалардың қауіпсіздігі саласында қабылданып жатқан шаралардың жеткіліксіздігін көрсеткені айтылды.

«Оған ақпараттық қауіпсіздік саласындағы жарты мыңнан астам заңбұзушылықтар, балаларды тасымалдау және білім беру мекемелерін қорғау ережелерінің, санитарлық және өртке қарсы нормалардың бұзылуы, сондай-ақ оқушылар арасында буллинг деректерінің анықталуы дәлел», — делінген хабарламада.

Тексерулер нәтижесінде 10 соталды тергеп-тексеру басталған, шамамен 60 миллион теңге өтелген, 67 қадағалау актісі енгізілді және 100-ден астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Бұдан басқа, құқық бұзушылықтарға жедел ден қою мақсатында, оның ішінде оқушылар арасындағы буллингке қатысты, оқушылар немесе олардың ата-аналарына онлайн режимде қалалық прокуратураға тікелей жүгінуге мүмкіндік беретін «QR-код» әзірленген.

Мектеп психологтарының біліктілігін арттыру мақсатында қала прокуратурасы «NGS» Жаңа Буын Мектебі алаңында мемлекеттік мектептердегі барлық психологтардың, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік инспекторлардың және білім басқармасы өкілдерінің қатысуымен семинар ұйымдастырды.

«Сонымен қатар, прокурорлар 330 миллион теңгеден астам сомаға бюджет қаражаты ұрланғанын анықтады. Мысалы, Бостандық ауданының прокуратурасы мектептердің бірінде жалақыға арналған бюджет қаражатын, бас бухгалтердің ұрлағанын анықтады.

Аталған құқық бұзушылық мемлекетке 160 миллион теңге залал келтіре отырып, мектептің жұмыс істемейтін қызметкерлеріне және өзінің жақын туыстарына ақша қаражатын аудару жолымен жасалған».

Осыған ұқсас ұрлық деректерін Медеу, Алмалы, Түрксіб және Алатау аудандарының прокурорлары анықтаған. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Қасым-Жомарт Тоқаев «Отан Ана» ескерткішіне құрмет гүлін қойды

Қасым-Жомарт Тоқаев "Отан Ана" монументіне гүл шоғын қойды,

Елімізде қанша ҰОС ардагері бар?

Қазақстанда Ұлы Отан соғысының қанша ардагері бар екені белгілі болды.

ҰОС ардагерлерінің құрметіне Алматыда қандай көшелер аталған?

Алматыда 110 көше Ұлы Отан соғысына қатысушылардың есімімен аталады. Оның ішінде 94 көше Кеңес Одағының Батырларының есімімен аталған.

Астанада Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад өтті

Астанадағы "Қазақ елі" монументі жанындағы Тәуелсіздік алаңында Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад ұйымдастырылды.

Ұлы Отан соғысының ардагерлері ешқашан ұмытылмайды — Тоқаев

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өткен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған парадта қазақстандықтарды құттықтады.