12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

«Рахат» кондитерлік фабрикасы Шымкент қаласында мармелад өндірісін іске қосты

«Рахат» АҚ Шымкент қаласында мармелад өндірісінің жаңа желісін ашты. Жаңа желістің ашылуы өткен жылдың сәуір айында қол қойылған Шымкент қаласы әкімдігі мен «Рахат-Шымкент» ЖШС арасындағы серіктестік меморандумы нәтижесінде іске асырылды.

Бұл жоба барысында Қазақстандағы үшінші мегаполистің өндірістік әлеуетіне 1,8 миллиард теңге инвестиция келді. Жаңа желістің ашылуының арқасында бұл аймақтың 80 тұрғыны жұмыспен қамтамасыз етіледі. Шымкент қаласындағы фабрика бір сағат ішінде 1 тонна, бір жылда 3,5 мың тонна мармелад шығаратын болады.

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов:

«Бүгін біз мармелад өндірісінің жаңа желісінің іске қосылуының куәсі болып отырмыз. Жоба аясында мемлекет тарапынан қолдау тауып, 90 миллион теңге субсидия төленді. Қазақстандық брендтің тәтті өнімдері ТМД елдерінің мәдени астанасы болып танылған қаламызға келген туристтердің алдында ұлттық беделімізді арттыруға септігін тигізеді деп ойлаймын. Сондықтан да «Рахат» фабрикасын ары қарай өндірісін кеңейтуге, қалаға инвестиция тартып, жаңа жұмыс орындарын ашуға шақырамын»

«Рахат» АҚ басқарма төрағасы Константин Федорец оңтүстік мегаполисте өндірілетін мармеладтың ерекшелігін тілге тиек етіп, компания жоспарымен бөлісті:

«Мармеладтық өнім сегментіндегі сатып алушылардың сұранысы бізге ішкі және сыртқы нарықтағы тұрақты өсімнің барын көрсетеді. Ол мармелад секілді құрамында қант көлемі аз кондитерлік өнімдерді тұтынудың қазіргі тенденциясымен байланысты. Шымкент қаласындағы өндірістің желінің іске қосылуы «Рахат» АҚ үшін стратегиялық қадам болды. Компанияның келесі жоспарларының бірі – өнім ассортиментін арттыру. Бүгінгі күннің өзінде де агар-агар, пектин, желатин секілдің таза шикізат негізіндегі жаңа мармелад түрлерін заманауи алдыңғы технологиялар арқылы құйып шығаруды қолға алып отырмыз»

Фабрика заманауи құралдармен жабдықталған. Бүгінде 30 аталым бойынша 6 өнімнің түрі өндіріледі. 2019 жылғы көрсеткіш бойынша фабрикада 20 мың тонна өнім шығарылған.

Укрепление экономической интеграции

Казахстан и Кыргызстан намерены вывести двустороннее сотрудничество на качественно...

Дорожная карта индустриализации

В прошлом году в Казахстане был принят Национальный проект...

Семь раз отмерь…

Как известно, Казахстан намерен построить атомную электростанцию, об этом...

Смаилов поручил ТЭЦ провести внеплановые проверки

Премьер-министр Алихан Смаилов поручил провести внеплановые проверки тепловых электростанций, передает...

Әлихан Смайылов ЖЭО-ларға жоспардан тыс тексеріс жүргізуді тапсырды

Премьер-министр Әлихан Смайылов ЖЭО-ларға жоспардан тыс тексеріс жүргізуді тапсырды, -...