12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

316 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСУДА

Жамбыл облысының Жобалық басқару және цифрландыру орталығы екі бағытта жұмыс атқарады: мемлекеттік секторға жобалық басқаруды енгізу және дамыту мен цифрландыру. Ол мемлекеттік секторға жобалық басқару қағидаларын енгізе отырып мемлекеттік органдар арасында коммуникацияларды нығайту жұмыстарын атқаруда.

«Жамбыл облысы жобалық басқару жəне цифрландыру орталығы» КММ-нің басшысы Гүлпара Ташенованың айтуынша, жергілікті атқарушы органдар үшін «Адами капитал», «Кəсіпкерлік жəне өнеркəсіп», «Инфрақұрылымды дамыту», «Агроөнеркəсіптік кешен», «Бесінші үлгілік базалық бағыт» сияқты бес базалық бағыт бойынша өңірлерді дамыту бағдарламасын іске асырудың бірыңғай жобалық архитектурасы айқындалған. Барлық ұлттық жобаларда, тұжырымдамаларда, мемлекет басшысының жəне Үкімет тапсырмаларында, тағы да басқа мемлекеттік құжаттарда айқындалған жобалар Ұлттық бірыңғай ақпараттық жүйеде жүргізіледі. Онда заманауи тəсілдерді қолдана отырып, жергілікті атқарушы органдардың іс-шараларының барысы айқын көрсетіледі. Бұл жүйе мемлекеттік аппараттың ашықтығын арттыруға, сонымен қатар жобаларды іске асыру барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға мүмкіндік береді. – 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында Жамбыл облысы бойынша Бірыңғай ақпараттық жүйенің базалық бағыттарындағы 316 жоба іске асырылуда. Атап айтқанда: «Адами капитал» бағыты бойынша – 76 жоба, «Инфрақұрылымды дамыту» бағытында – 25 жоба, «Кəсіпкерлік жəне өнеркəсіп» бағытында – 1 жоба, «Агроөнеркəсіптік кешен» бағытында – 194 жоба, «Бесінші үлгілік базалық бағыт» бойынша – 20 жоба қарастырылуда, – дейді Гүлпара Алашпайқызы. Оның сөзіне қарағанда, жобалық офис келесі негізгі құжаттармен жұмыс жасауда: ҚР Президентінің сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі жол картасы «Əділетті Қазақстан: бəріміз жəне əрқайсысымыз үшін. Қазір жəне əрдайым»; 2024 жылы экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі Үкіметтің іс-шаралар жоспары; «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы; «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасы; «Жайлы мектеп» білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобасы; «Энергетикалық жəне коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы; «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жəне оған қарсы іс-қимыл» №4 үлгілік базалық бағыты; Ұлттық инфрақұрылымдық жобалар; Президент əкімшілігі тапсырмасы аясындағы «Жылыту маусымы» бойынша жобалар; Мемлекет басшысының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі «Əділетті Қазақстан: заң мен тəртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шара жоспарында көрсетілген жобалар. Мəселен, «Энергетика жəне коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында басқа жобалармен қатар өңірлерде 2029 жылға дейін сумен жабдықтау жəне су бұру инфрақұрылымын дамыту жоспары бекітілді. Қазіргі таңда осы 4 жоба бірыңғай ақ параттық жүйе ге енгізілген. 2024–2027 жылғы жоспарына сəйкес 4 кəріз-тазарту құрылыстары жоспарланған. Олар Тараз, Шу, Жанатас жəне Қаратау қаласындағы құрылыс жəне қайта жаңғырту жұмыстары.

Е.КЕБЕКБАЙ, «Заң газеті»

Қылмыстық істегі медиация

Республикамыздың Медиация туралы заңы халқымыздың дау шешуде ұмытыла бастаған бітімгершілік жолын қайта жаңғыртты. Аталған заңның жұмыс...

Қойбағаровқа неге күштеп психиатриялық сараптама жасамақ болды?

Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы республикалық мемлекеттік қазыналық...

Сот төрелігін мемлекеттік тілде жүзеге асыру

Қазақстан Республикасының Конституциясында қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесіне ие...

Алматы қаласында Еріктілер кеңесінің мүшелері марапатталды

Ағымдағы жылдың 17 қыркүйегінде Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің...

Мемлекеттік қызметшінің әдебі

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 22 ақпандағы №814 жарлығымен...