31 желтоқсан демалыс күні ретінде белгілене ме?

31 желтоқсан демалыс күні ретінде белгілене ме? Толығырақ Massaget.kz тілшісі материалында.

Қазақстандықтар бірнеше рет 31 желтоқсанды ресми демалыс деп белгілеу туралы өтініш білдірді. Өйткені Жаңа жыл отбасылық мереке екені белгілі. Осылайша демалыста жақын жандармен көбірек уақыт өткізуге, мерекелік дастархан дайындауға мүмкіндік туады.

31 желтоқсан демалыс бола ма?

Tengri Life осы сауалмен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жүгінген. Ведомство жауабына сүйенсек, «Қазақстандағы мерекелер туралы» заңға сәйкес 1, 2 қаңтар мемлекеттік мереке саналады. Бұл күндер мереке және демалыс деп танылған. Министрліктің пікірінше, 31 желтоқсанды ресми демалыс күндер тізіміне қосу орынсыз.

«31 желтоқсанды демалыс күн деп белгілеу орынсыз деп санаймыз. Министрлік ұлттық және мемлекеттік мерекелерді белгілеу жөніндегі уәкілетті орган емес. Министрліктің құзыретіне демалыс күндері берілмейтін кәсіби мерекелердің тізімін бекіту ғана кіреді», — деп жазылған жауапта.

Министрлік жұмыс және демалыс күндерін қайта реттеу туралы сұраққа да оң жауап бермеген. 

Осылайша 2024 жылдың соңғы айында бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 10 күн демалады.

Ал қаңтарда демалыс күндері мына күндерге сәйкес келеді:

Бес күн жұмыс істейтіндер үшін

  • 30 және 31 желтоқсан (дүйсенбі, сейсенбі) — жұмыс күндері;
  • 1, 2 қаңтар (сәрсенбі, бейсенбі) — демалыс, Жаңа жыл;
  • 3 қаңтар (жұма) — жұмыс күні;
  • 4,5 қаңтар (сенбі, жексенбі) — демалыс күндері;
  • 6 қаңтар (дүйсенбі) — жұмыс күні;
  • 7 қаңтар (сейсенбі) — демалыс, Рождество.

Алты күн жұмыс істейтіндер үшін

  • 30 және 31 желтоқсан (дүйсенбі, сейсенбі) — жұмыс күндері;
  • 1, 2 қаңтар (сәрсенбі, бейсенбі) — демалыс, Жаңа жыл;
  • 3, 4 қаңтар (жұма, сенбі) — жұмыс күні;
  • 5 қаңтар (жексенбі) — демалыс;
  • 6 қаңтар (дүйсенбі) — жұмыс күні;
  • 7 қаңтар (сейсенбі) — демалыс, Рождество.

Айбек Дәдебай Құрылтай төрағасы болып сайланды 

Құрылтай отырысында Айбек Дәдебай Құрылтай төрағасы лауазымына сайланды.

Құрылтайдың жөні бөлек болары анық – Қасым-Жомарт Тоқаев 

Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясы барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай ұғымының маңызына тоқталды.

Құрылтайдың ең алғашқы отырысы ашылды 

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясы ашылды

Қазақстанда вице-президент пайда болды: Жаңа лауазым не өзгертеді? 

Вице-президенттің міндеті тек өкілдікпен шектеле ме? Жаңа Конституцияда бұл қызметке қандай өкілеттік берілгені және билік сабақтастығы қалай реттелгені белгілі.

7 қыркүйектен кейін қазақстандықтар зейнетақысын өздері басқара алады: Нені білу керек? 

7 қыркүйектен бастап жеке басқаруға беруге болатын зейнетақы жинақтарының ең жоғары үлесі 50%-дан 100%-ға дейін ұлғаяды.