31 шілдедегі жарыс кестесі. Бүгін кімдер жарыс жолына шығады?

Tengri Sport сәрсенбі, 31 шілдеде Парижде өтіп жатқан жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы спортшыларының жарысқа шығу бағдарламасын дайындады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

11:30 Триатлон, әйелдер арасындағы жеке жарыс. Екатерина Шабалина қатысады.

12:00 50 метрден мылтықтан үш позициядан ату, ерлер арасындағы біліктілік. Ислам Сәтбаев пен Константин Малиновский бағын сынайды.

14:16 Бокс, алдын ала кезең, ерлер арасында 57 келіге дейінгі салмақта 1/8 финал. Махмұд Сабырхан мен Jose Quiles Brotons (Испания) жұдырықтасады.

18:00 Үстел теннисі, жекелей біліктілік ерлер арасында. Кирилл Герасименко мен Omar Assar (Мысыр) бақ сынасады.

20:30 Көркем гимнастика, көпсайыс, ерлер финалы. Қазақстан атынан Милад Карими қатысады.

00:36 1 тамыз бокс, алдын ала кезең, әйелдер арасында 75 келіге дейінгі салмақта 1/8 финал. Валентина Хальзова мен Atheyna Bibeichi Bylon (Панама) күш сынасады.

Санжар Боқаев 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Алматының Алмалы аудандық сотында қоғам белсендісі Санжар Боқаевқа қатысты үкім жарияланды.

Рұқсат пен тыйым. Бас прокуратура депутаттарды сайлау алдында үндеу жариялады

Қазақстанда 29 қарашада мәслихат депутаттарын сайлау өтеді. ҚР бас прокурорының орынбасары Ерлан Өтегенов сайлау алдында үндеу жариялады. Ол үгіт жүргізуге тыйым салынған кезеңде үгіт-насихат жасауға болмайтынын ескерті.

Қасым-Жомарт Тоқаев: Елде кітапхана салуға көбірек көңіл бөлу керек 

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елде кітапханалар санын көбейту қажеттігін айтты. Мемлекет басшысы Мәскеуде өткен AI Journey 2026 конференциясында оқушылар мен студенттер алдында сөйлеген сөзінде кітап оқу мәдениетіне ерекше көңіл бөлу керектігін жеткізді.

Желтоқсан айында елімізде не қымбаттайды? 

Желтоқсан айында қазақстандықтарды бірқатар баға өзгерісі күтіп тұр. Tele2 және Altel кейбір тарифтерінің абоненттік төлемін 300 теңгеден 2 000 теңгеге дейін көтереді. СДЭК жеткізу қызметінің бағасын өзгертеді, ал Freedom Bank биржалық ноталарды сатып алу комиссиясын арттырады. Астанада қоғамдық көліктегі жолақы 110 теңгеден 150 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін.

Таяу Шығыстағы шиеленіс мұнай бағасын шарықтатты: Brent $100-ға жақындады 

Brent маркалы мұнай бағасы 27 қараша, жұма күні соңғы бір айдағы ең жоғары көрсеткішке жақын деңгейде саудаланып жатыр. Бұған Таяу Шығыстағы қақтығыстың шиеленісуі, Ормуз бұғазында танкерлерге жасалған шабуылдар және Сауд Арабиясының энергетикалық нысандарына соққы жасалуы себеп болған.