31 мың ресейлік республика аумағында жұмысқа тұруға мақсат білдірген – Тамара Дүйсенова

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Қазақстанда 31 мыңнан астам Ресей азаматы жұмыс істеуге ниетті екенін айтты. Оның ішінде 6 мыңнан астам адам жыл басынан бері қоныс аударған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Министр қазір Қазақстанда 8,7 миллион азамат жұмыспен қамтылғанын жеткізді. Оның айтуынша, биылғы жылға шетелдік квота 28 мың адамға бөлінген. Оның 15 мыңы ғана игерілген.

«Жыл басынан бері Ресейден Қазақстанға 262 мың адам келді. 6 017 адам келу мақсатына республикаға жұмысқа орналасуды көрсеткен», — деді министр.

Тамара Дүйсенова ЕАЭО елдерінің азаматтарын жұмысқа орналастыру үшін квота талап етілмейтінін атап өтті. Олар Қазақстанға еркін кіріп, жұмыс істей алады.

«Қазіргі таңда Қазақстанда 25 301 ресейлік азамат жұмыс істейді. Өтініш берушілердің жаңа санын есепке алғанда, бұл республика аумағында жүрген және жұмысқа тұру мақсатын көрсеткен шамамен 31 мың адам», — деді министрлік басшысы.

Сонымен қатар, Дүйсенова Қазақстанға келген ресейліктердің еңбек нарығына айтарлықтай әсер етпейтінін баса айтты.
«Егер азаматтардың көп ағыны болса және бұл ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіретін болса, онда біз қосымша шаралар қабылдаймыз», — деп қорытындылады министр.

В Казахстане пройдет общереспубликанский открытый урок «Мен таңдаған жол»

​Сегодня, 7 апреля, мы отмечаем Всемирный день здоровья —...

Тіл – тәуелсіздіктің тірегі

Тәуелсіздік – кез келген мемлекеттің ең қастерлі құндылығы. Ал...

Социальная ответственность

В ОБЛАСТИ АБАЙ РАЗВЕРНУЛАСЬ МАСШТАБНАЯ ЭКОЛОГИЧЕСКАЯ КАМПАНИЯ В РАМКАХ...

Памяти акына

ЭКОЛОГИЧЕСКАЯ АКЦИЯ, ПРИУРОЧЕННАЯ К 180-ЛЕТИЮ ЖАМБЫЛА ЖАБАЕВА, ПРОШЛА В...

Инвестиция в будущее

ЗАНЯТОСТЬ НАСЕЛЕНИЯ В ШЫМКЕНТЕ РАССМАТРИВАЕТСЯ КАК ФАКТОР АДАПТАЦИИ РЫНКА...